Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы – уақыт талабы мен қоғамның даму бағытын айқындайтын маңызды құжат.
Әрине, Президенттің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауының салмағы да, саясаты да, мәні де бөлек. Десе де, биылғысы елдегі түйіткілді шешуге бағытталған нақты қадамдар мен мемлекет экономикасының артуына деген айқын бастамалар деп білемін.
Елдің жаңа технологиялық кезеңге қадам басуы жас ұрпақ үшін
зор мүмкіндік ашатыны анық. Бұл жайында Мемлекет басшысы Жолдау барысында цифрлық өзгерістердің негізгі мақсат-міндеті халықтың әл-ауқатын арттырып, Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде таныту екенін нақты атап өтті.
Сонымен қатар Президентіміз жастардың отаншылдық қасиетіне де тоқталып, олардың күш-жігеріне, талабына сенім артатынын жеткізді.
Біз, аудандық ардагерлер қауымы, еліміздің әлемнің алпауыт елдермен иық тірестіре дамығанын қалағандықтан, Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамаларын қолдаймыз. Жастардың білімді, бәсекеге қабілетті, жаңа заманға бейім болып өсуіне қолдау білдіреміз.
Цифрлық өзгерістер халықтың өмір сапасын жақсартуға, елдің болашағын анықтауға қызмет етеді деп сенеміз. Сондықтан Президенттің жарқын болашаққа деген ұтқыр ұсыныстары нәтижелі болады деген ойдамыз.
Сағат МӘСІМАҚЫНОВ,
Қарасай аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
