Міне, біраз уақыттан бері бүкіл әлем халқын аса қатерлі коронавирус індеті жайлап, барлық адамды үрейлендіріп отыр.
Мұндай жағдай Қазақстанда да орын алуда. Дегенмен, бізде дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде, індет жаппай таралған жоқ.
Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкіметіміз барлық жағдайды жасап, адамдарға көп көмек қолдау көрсетуде. Оның ішінде, әрине, сақтық жұмыстары медициналық көмек, емдеу шаралары барынша күшейтіліп, карантин режимі енгізілді.
Бұлай етпесе, әрине, болмайды. Сондай-ақ, әрбір адам өзіне, туған-туыстарына жауапты болып, тәртіпті қатаң сақтауы тиіс.
Президент қазіргідей кездегі дәрігерлердің де еңбегін жоғары бағалап отыр. Себебі, олар індет жұқтырғандарды емдеу үшін бар білім-білігін, күш-жігерін жұмсауда. Яғни, осы күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлерді қаржылай қолдауда.
Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдер басқа да медицина қызметкерлеріне көмек көрсету шараларын қабылдауда екен.
«Жұдырықтай жұмылсақ, кез келген қиындықты жеңеміз!» депті Президент.
Иә, біз біргеміз, бұл қиындықты да жеңеміз!
Оралбай САҒИЕВ,
аудандық арухананың хирургі,
жоғары санатты дәрігер.