Коронавирустық инфекциядан кейін оңалту өту үшін ең алдымен өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз. Емханадағы дәрігер оңалту дәрігерінің немесе мультидисциплинарлық топтың кеңесіне жолдама береді. Білікті мамандар жағдайды бағалап, қалпына келтіру бойынша қажетті курсын таңдайды. Мұндағы негізгі емдік шаралар тыныс алуды қалыпқа келтіруге, асқынуларды азайтуға, өмір сүру сапасын арттыруға және мазасыздық пен депрессия белгілерін жеңілдетуге бағытталған.
Егер де қандай көрсетілімдер байқалса, оңалтудан үйде емделген және медициналық ұйымдарға жүгінбеген азаматтар да өте алады. Олар үшін әрекеттер алгоритмі бірдей.
Айта кету керек, медициналық оңалту функционалдық бұзылу дәрежесіне байланысты стационарлық және амбулаториялық жағдайда да жүргізілуі мүмкін.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы.