Осыдан бір-екі жыл бұрын Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жастар өмірінің негізгі салаларын қамтып, оларға жан-жақты қолдау көрсетіп, жастар саясатын дамытуға бағытталған «Жастар – Отанға» атты жаңа жоба әзірленіп, оның аясында жол картасы бекітілген болатын. Үздік отандық аналитиктер мен саясаттанушылардың қатысуымен, жастар мәселесіне байланысты халықаралық ұйымдар және әлемдік үрдістер мен тәжірибелер ескеріле отырып, …
Қарасай ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А. Сатыбекованың соңғы қаулысы бойынша ағымдағы жылдың 1 мен 15-ші сәуір аралығында карантиндік шаралар күшейтілді. Осыған орай, аудандық Жастар ресурстық орталығы мен эко-волонтерлер бірлесіп Қаскелең қаласы бойынша санитарлық талапты сақтаудың қажеттілігіне байланысты акция өткізді. «Бетперде тағыңыз!» — деп аталатын шара барысында еріктілер қала тұрғындарына қауіпті індетке қатысты профилактикалық түсіндіру …
Өткен жылдың соңғы аптасында аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың төрағалығымен әкімдіктің үлкен мәжіліс залында ауданымыздағы жастар істері жөніндегі Кеңестің отырысы өтті. Жиынға кеңес мүшелері, бөлім басшылары мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Оның барысында жастар саясатының жүзеге асырылуы бойынша есептері тыңдалып, екі бірдей мәселе қаралды. Атап айтқанда, аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айжан Балажанова 2019 жылдың ІІ …
Жастар жылының аясында және Қарасай ауданының 90 жылдық мерейтойына орай жақында ғана КТА лигасының маусымашары өткені баршаңызға белгілі. Бұл тұсаукесерде қарасайлық жас әзілкештерден бөлек, көршілес Жамбыл, Іле аудандарынан, сондай-ақ, Алматы қаласынан арнайы командалар қатысып, қағытпа қалжынға толы өз өнерлерін ортаға салған болатын. Өткен аптада осы топтар біз айтқан КТА лигасының 1/8 финалыңда кездесіп, аудандық Мәдениет …
Жуырда ауданымызда алғаш рет «Жастар жылы» аясында әрі Қарасай ауданымыздың 90 жылдық мерейтойына орай аудан орталығында орналасқан «Нұржәрдем» атты білім ошағының ұйымдастыруымен «Ұлт болашағы – дені сау, білімді және белсенді жастар» атты медициналық колледждерді бітіруші студенттердің арасында аймақтық байқау өтті. Біз айтып отырған оқу орнының ғимаратында өткен байқау еңбек нарығында жоғары бәсекелестікке сай болуды, сонымен …
Қашанда жаңашылдыққа бастамашы, игілікті идеяларға қолғабыс етіп жүретіндердің қатарында біздің ауданның жастары да бар. Өңірдің тыныс-тіршілігімен біте қайнасып, түрлі салада атқарған істерінен бөлек, олардың жеткен жетістіктері де аз емес. Жақында, Талдықорған қаласындағы Б.Римова атындағы драма театрында өткен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XV еңбек маусымының жабылу рәсімінде, жас қарасайлықтар «ÚZDİK KOMANDIR» атанса, дәл осындай номинациямен …
Қазіргі таңда елімізде домбыра шертетін өзге ұлт өкілдерінің қатары көп. Солардың бірі жерлесіміз, үшқоңырлық түрік жігіті Сабир Гусейнов қазақтың көне аспабын жанына серік етіп, ел ықыласына бөленген танымал домбырашы. Күмбірлетіп күй төгіп жүрген Сабир жақында, яғни, қараша айының 25-і күні елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсіміне қатысып, тағы …
Өткен аптада ауданымызда алғашқы Көңілді тапқырлар алаңы лигасының тұсаукесері ретінде «Маусымашар – 2019» ойыны өтті. Қарасай ауданы әкімінің қолдауымен және «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдас-тыруымен Жастар жылының аясында, сондай-ақ, Қарасай ауданының 90 жылдық мерейтойына орай, ойы жүйрік, әзілге жаны жақын жастардан құралған топтардың шығармашылығын шыңдау мақсатында лиганың тұсауы кесілді. Кеш барысында аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова …
Еліміздің мемлекеттік бағдарламаларын түсіндіру жөнінде көшпелі іс-шаралар жоспарлы түрде ұйымдастырылып, әр аймақтағы жастар қауымының белсенділігі артып келеді. Сондай-ақ, облыс бойынша этносаралық келісімді насихаттау бойынша халық арасында ақпараттандыру жұмыстары да жүргізілуде. Осы аталған шараларды жүзеге асырушы топ мүшелері өткен аптада аудан жастары арасында түрлі кездесулер өткізіп, игі істерге себепші болды. Нақты айтар болсақ, олар Қаскелең қаласындағы …
Жұртшылықты Қаратал өзенінің жағалауында жинаған «JETISÝ ETNO STYLE» жастар фестивалі салт-дәстүр сабақтастығының ең жарқын көрінісін паш етті. Облысымыздағы ең үздік қолөнер шеберлерінің жұмыстары көрме барысында жұртшылыққа ұсынылып, көптің көңілін аудартты. Өз кезегінде әжелер қыздар қауымына тұрмыс-салт өнерлерін үйретсе, ал ұсталар ер-азаматтарға темір бұйымдарын жасау сәттерін көрсетті. 30-дан астам алаңда келушілерге этно-стильдегі мәдениет пен өркениеттің озық …