20 қараша – кезектен тыс Президент сайлауы. Еліміздің тағдырын шешетін тарихи таңдауға 18 жастан асқан әрбір азамат құқылы. Осы орайда арнайы құрылған облыс пен аудандық қоғамдық штабтың мүшелері бүгінде ауданымыз бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Сондай шараның бірі өткен аптаның жұмасы күні аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында өтті. Нақтырақ айтқанда, ҚР Президенттігіне Халықтық коалициядан ұсынылған үміткер …
Президенттіктен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық және облыстық қоғамдық штабтардың мүшелері Қарасай ауданындағы еңбек ұжымдарымен, көпбалалы аналармен, бизнес-қоғамдастықтың және жастармен кездесті. Астана қаласынан арнайы келген республикалық штабтың құрамында ҚР Парлементі Мәжілісінің депутаттары Айгүл Құспан, Маггерам Магерамов, Қазақстан мәслихат депутаттар бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев болды. Олардың Қарасай жеріндегі алғашқы жүздесуі аудандық Мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен …
Президенттікке үміткер ретінде тіркелген Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгін аудандық қоғамдық штабы құрылып, оның ресми түрде салтанатты ашылу рәсімі болды. Саяси науқанға орай өткізілген жиын «Amanat» партиясы Қарасай аудандық филиалында өтті. Басқосу барысында аталмыш ұйымның жанынан құрылған штабтың мақсат-міндеттері айтылып, оның құрамындағы 54 адамның алда атқарылатын жұмыстары түсіндірілді. Сонымен қатар бұл жиында Қарасай аудандық қоғамдық штабының төрағасы …
Бүгін Жібек жолы ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің мәжіліс залында ақпараттық түсіндіру тобы Мемлекет басшысының Жолдау барысын талқылап, Президенттің «Қоғамдық қауіпсіздік — елдің әділ дамуының негізгі факторы» тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында Президенттің бағыты айқын бастамалары айтылып, оның ұтымды тұстары жиынға қатысушыларға жеткізілді.
Бүгін ақпараттық түсіндіру тобының өкілдері – Жарқынай Садуова мен Әйгерім Мәметекова Қаскелең қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп ұжымымен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын түсіндірді. Аталмыш топтың өкілдері Жолдаудың басым бағыттарына тоқталып, елдің әл-ауқатын арттыруға қатысты атқарылатын бастамаларға тоқталды.
Бүгін аудандық топ мүшелері Қаныбек Айтжанов, Ұлтай Бархинова, Амина Абдраманова Қаскелең қаласының тұрғындарына Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді. Оның ішінде «кәріз жүйелерін жөндеу мәселесі» туралы өзекті мәселелерді талқыға салды. Жиында әлеуметтегі әлсіз тұстарын шешуге арналған Жолдаудың бағыттары мен мақсат-міндеттері түсіндірілді.
Бүгін аудандық ақпараттық топ мүшелері Алтын ауыл орта мектебінің атана-аналар комитетімен кездесу өткізді. Кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылап, «Дербес білім беру ваучерлерін енгізу» бағыты бойынша пікір алмасты. Олар Жолдауды түсіндіру бойынша баяндама жасап, бұл Жолдаудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан …
Бүгін аудандық штабтың мүшелері Перизат Әбдібайқызы мен Ольга Олеговна Қошмамбет ауылындағы Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінде тұрғындармен Президент Жолдауын талқылады. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында әлемдегі соңғы жаһандық сын-қатерлер ескеріле отырып, еліміздің ұлттық дамуындағы экономикалық және саяси жағдайдағы барлық аспектілер қамтылғаны атап өтілді. Сонымен қатар, жиында мемлекеттік бағдарламаларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикалық саясатты одан әрі жетілдіру, …
Бүгін Ұлан ауылындағы Ұлан орта мектебінде аудандық штаб мүшесі Құралай Сайбырова тұрғындармен кездесу өткізді. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылап, студенттер қауымымен пікір алмасты. Жиын барысында Жолдаудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге арналғанын атап өтті. Оның ішіндегі …
Бүгін Қарасай ауданының штабының мүшелері Әмина Абдраманова, Қаныбек Айтжанов, Ұлтай Бархинова ҚР Президентінің халыққа Жолдауын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуде Жолдауда айтылған зейнет жасы туралы,көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек бағыттары толықтай түсіндірілді.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)









