Қаскелең қаласында орналасқан ауданаралық көпсалалы ауруханасында созылмалы бүйрек ауруына және вирусты гепатитке шалдыққан науқастарға ем көрсететін гемодиализ бөлімшесі ашылды. Гемодиализ бөлімшесінің ашылуын жалпы аудан көлеміндегі игі жаңалық деп қабылдауға болады. Өйткені, мұндай бағыттағы емдеу шаралары осы уақытқа дейін ауданымызда тек ақылы ауруханаларда ғана болған, енді, міне, науқастар өз ауруларын тегін емдей алады. Аталған бөлімшенің меңгерушісі …
Елдегі коронавирус ахуалы күн сайын өзгеріп, індеттің таралуы әлі тиыла қойған жоқ. Инфекцияны ауыздықтайтын жалғыз амал вакцина салғызу екені белгілі. Халық арасында екпе алу үрдісі соңғы кезде қарқынды түрде жүзеге асып келеді. Оның ішінде 12 жастан асқан балалар мен жүкті немесе енді босанған әйелдердің денсаулығы да басты назарға алынып, оларға вакцина алуға рұқсат етілді. Осы …
Коронавирус індеті өршіген уақытта медициналық құрылғылардың ішінде ең таптырмасы болып табылатын компьютерлік томографияның (КТ) қажеттілігі қатты білінді. Өкпенің қаншалықты дәрежеде қабынғанын дәлме-дәл көрсететін бұл аппарат кез келген ауруханада табыла бермейді. Ішкі ағзалардың үш өлшемді бейнесін алуға мүмкіндік беретін рентгендік зерттеу құрылғыларының бірі Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасындада бар екенін айта кеткен жөн. КТ-ның қызметінің арқасында қазіргі …
11 ноября 2021 года в Алматинскую область привезли 46 800 доз вакцины Comirnaty BioNTech/Pfizer. Данная вакцина рекомендована Всемирной организацией здравоохранения (ВОЗ) для вакцинации детей и подростков в возрасте от 12 до 18 лет, беременных с 17 недель и кормящих женщин на 42 день после родов. Вакцинация подростков проводится в прививочных кабинетах организаций образования по желанию родителей …
2021 жылдың 11 қарашасында Алматы облысына Comirnaty BioNTech/Pfizer вакцинасының 46 800 дозасы жеткізілді. Бұл вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді, 17 аптадан бастап жүкті әйелдерді және бала емізетін әйелдерді босанғаннан кейінгі 42 күнінде вакцинациялау үшін ұсынған. Жасөспірімдерді вакцинациялау ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің қалауы бойынша білім беру ұйымдарының …
Әлемдегі бүгінгі ветеринарияның негізгі мақсаты – ветеринариялық-биологиялық қауіпсіздікті сақтау. Қазіргі уақытта мал ауруларын анықтау, профилактика жүргізудің және емдеудің заманауи әдістерін қолданысқа енгізу, сонымен қатар, жануарлар мен құстардың ауруларын және шығынын азайтатын отандық ветеринариялық препараттарды әзірлеуді, өндіруді жолға қою – ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелердің бірі. Биотехнология саласында қызмет етіп жатқан мекемелер елімізде аз болса да, …
Жер-жаһанның мазасын қаштырған коронавирус кеселі біздің елімізден әлі алыстай қойған жоқ. Індеттің таралу көрсеткіші республика бойынша күн сайын құбылып, адамдардың сырқаттану статистикасы да соған сай жаңаруда. Ауруды ауыздықтайтын жолдың бірі – вакцина алу. Қалыпты өмірге жол бастайтын бұл тиімді амалдың арқасында соңғы уақытта вирустың таралуы едәуір төмендеп келеді. Екпені қабылдау үрдісі Алматы облысында да жақсы …
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде жыл сайын 16 миллион кәмелетке жетпеген қыз жүкті болады екен. Ал, соның үш миллионы жасанды түсік жасататын көрінеді. Бүгінде бұл тізімді қаракөз қыздарымыз да толықтырып отыр. Биыл елімізде 7000-ға жуық қыз бала жүкті болған. Оның мыңннан астамы түсік жасатыпты. Ал, ауданда жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін кәмелеттік …
Алматы облысында коронавирустық инфекцияның 51 744 жағдайы тіркелген болса, соңғы тәулікте 133 адамның індет жұқтырғаны белгілі болып отыр, деп хабарлайды «Jetisy Media». Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,5% — дан 0,4% — ға дейін төмендеді. КВИ анықталған 133 жағдайдың 12-сі 14 жасқа дейінгі балаларда анықталса, 12-сі оқушылар, ал 3-еуі студенттер арасында байқалған. …
Қарасай аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Айгүл Сатыбекова пен орталық аурухананың бас дәрігері Мәулен Малғаждаров тұмауға қарсы вакцинаны бірінші болып салдырып, ауданымыздағы екпе егу науқанын бастады. Тұмау – жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарын зақымдайтын жіті вирустық ауру, ол айқын интоксикациямен бірге жүреді және ауыр асқынулар мен өлімге әкелуі …