Жуырда, Қарасай ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орайластыра өткізілген мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасындағы спартакиадада, Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Ормангалиева Динара Бақытқызы шахмат жарысында өте жақсы көрінді. Атап айтқанда, жүлделі 1-орын алып, аудан әкімінің Дипломымен марапатталды. Жеңісіңмен, Динара! Қарасай ауданы бойынша МКБ-ның ұжымы.
Өткен аптаның сенбі күнінде, Қаскелең қаласындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде, аудандық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің арасында спартакиада өтті. Қарасай ауданының 90 жылдығына орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған, «Өзгерісті өзіңнен баста» деп аталған жарысқа он командадан тұратын 120 адам қатысты. Спартакиаданы аудан әкімі Жандарбек Далабаев ашып, мұның ауданның 90 жылдығына арналып өткізіліп отырған ең …
Байтақ даламызды барын салып қорғаған батыр бабаларымыздың сарқыты сынды саңлақ спортшыларымызды әркез мақтан тұтамыз. Ауданымыздың тұрғыны, Азия чемпионатының күміс жүлде иегері Шыңғыс Сандибаев дәл біз сөз етіп отырған жақсылардың жалғасы екені сөзсіз. Кейіпкеріміздің таэквондомен айналысқанына 12 жылдан асты. Осы уақыт аралығында талай байрақты бәсекеде топ жарып, биіктен көрінді. Алғашында жай ғана қызығушылықтың арқасында спортпен шұғылдануға …
Өткен аптаның сенбісінде Қаскелең қаласындағы Абай мектеп-гимназиясында аудандағы мектеп оқушылар арасында шахматтан жарыс өтті. Турнирді Қарасай ауданының 90 жылдық мерейтойына арнап, «Белая Ладья» шахмат пен дойбы клубы ұйымдастырды. Шараның негізгі мақсаты қарасайлық жасөспірімдердің шахматқа деген қызығушылығын оятып, ойынға деген шеберлігін шыңдау, бос уақыттарын тиімді өткізуге дұрыс бағыт беру және саламатты өмір салтын насихаттау. Бір айта …
Ауданымызда осы жылдың алғашқы спорттық шарасы ретінде өткен аптада жас палуандардың жарысы болды. Мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаев атындағы ашық турнир Қаскелең қаласындағы көп сайыстардың мекеніне айналған №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өткізілді. Келген командалар ішінен Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарының, Түркістан, Шымкент, Жезқазған, Алматы, Талдықорған қалаларының, көршілес Қырғыз елінің және ауданымыздың саңлақтары бой көрсетті. …
Оған төсбелгіні қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров тапсырды Еліміздің атын халықаралық спорттық жарыстарда шығарып жүрген жастардың қатары көп-ақ. Солардың бірі аудан орталығында орналасқан Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Наиль Халиуллин. Ол бала кезінен спортпен айналысып, шыңдалған спортшы ретінде әлемдік ареналарда талай белестерді бағындырды. Осы жетістіктері республика көлемінде бағаланып, өткен жылдың аяғында «Үздік студент» жобасының төсбелгісіне ие …
Жуырда, яғни, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында көршілес Жамбыл ауылындағы Көкбастау ипподромында «Саятшылық» ұлттық спорт түрлерінен «Сонар-2018» деп аталатын Халықаралық жарыс өткізіліп, онда еліміздің бірнеше облысынан бүркіт, қаршыға, ителгілерін ала келген құсбегілер құс салудан бәсекеге түсті. Бұл сынға, сонымен қатар, Италия, Испания, Венгрия, Ресей, Моңғолия сияқты шетелдерден де осы өнерді сүйетіндер қатысып, жарыс көрігін қыздырды. …
Жуырда, Тәуелсіздік күніне орай, Алматы облыстық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері Қаскелең қаласында «Бір команда, бір мақсат» атты спорттық ойындардан жарыс өткізді. Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Жамбыл, Іле, Талдықорған-нан келген кіл мықтылар жиналған сайыста олар волейбол, кір тасын көтеру, шахмат, дойбы тоғызқұмалақ, арқан тартыс сияқты спорт түрлерінен сынға түсті. – «Дені саудың- жаны сау» деп …
Өткен аптаның жұмасында Шамалған ауылдық округінің орта мектебінде тағы бір палуандардың бәсекесі болды. Бұл жолы жарыс облыстық деңгейде ұйымдастырылып, оған 2003-2008 жылдар арасындағы жасөспірімдер қатысты. Турнир екі күнге созылып, 11 командадан 180 жас палуан өз бақтарын сынады. Олардың ішінде облысымызға қарасты Қарасай, Алакөл, Жамбыл, Іле, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Талғар, Райымбек аудандарының және Алматы, Қапшағай қалаларының жасөспірімдері …
1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткен аптада ауданымызда көптеген іс-шаралар қамтылды. Олардың ішінде спорттық бәсекелер де қалыс қалмай, түрлі жарыстар ұйымдастырылып жатты. Соның бірі ретінде Ұмтыл ауылдық округіне қарасты Алмалыбақ ауылында болған волейбол турнирін айтуға болады. Аталмыш спорттық шара осы ауылмен аттас орта мектеп-гимназиясында өткізіліп, оған округке қарасты 8 мекеменің командалары қатысты. …