Жақында ғана Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Айбын» әскери-патриоттық спорттық ойында Санжар Жандосов атындағы кәсіптік-техникалық колледжінің алғашқы әскери пәнінің мұғалімі Юсуп Альжановтың командасы жүлделі бірінші орынға ие болған еді. Ережеге сәйкес, жеңімпаз атанған топ облыстық бәйгеде бақ сынасуға жолдама алған болатын. Ал, енді таяуда ғана Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Жастар …
Өткен аптаның сенбі күні, Шамалған ауылындағы «Үшқоңыр» денешынықтыру-сауықтыру кешеніне қарама-қарсы алаңда, көкпар ойыны болып өтті. Ұлттық спорттың төресі саналатын көкпарды өткізу эстафетасын көршілес аудан – жамбылдықтардан қабыл алған жергілікті атбегілер бұл сайысты Қарасай ауданының 90 жылдығына арнапты. Ол аудандық әкімдіктің қолдауымен спорт бөлімі мен өңірдегі барша көкпарға жанашыр жандардың ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Алдымен, ойын аудандық …
кішкентай ақылдылар «айқасты» Бүгінде ой-өрісті дамытатын шахмат ойынына деген қызығушылар қатары артуда. Әсіресе, бұл ретте жастардың үлесі ерекше. Жуырда, яғни, ағымдығы жылдың қазан айының 28-і күні «Үшқоңыр» спорт кешенінде жылдам ойлап, дұрыс шешім қабылдауға жетелейтін шахмат ойынынан ашық турнир өтті. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыруға, сондай-ақ, осындағы шахмат секциясына қатысушылар арасында мықтыларды анықтау мақсатында өткен …
Биылғы Жастар жылының аясында округіміздің спорт саласы да басты назарға алынған. Осы мақсатта мәдени шаралар мен спорттық бәсекелер де бой көрсетсе, оған қатысуда жас буын өкілдері жан-жақтылық танытып келеді. Осыдан бір апта бұрын өзіміздің округ әкімдіктің ұйымдастыруымен, сондай-ақ, облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы, округтің ардагерлер ұйымының төрағасы Бұлар Мирмановтың бастамасымен, Бекболат ауылындағы Бірінші Май орта мектебінде …
Жуырда волейболдан өткен суберкубокте Алматы облысының «Жетісу» командасы Шығыс Қазақстан облысынан келген «Алтай» командасын арта қалдырып, чемпион атанды, деп хабарлайды Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. Облыс орталығында Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде өткен бәсеке өте тартысты өрбіді. Сайыс барысында жетісулық команда есепті алғаш болып ашып, ойынның бірінші кезеңінде 25:18-і, екінші кезеңде 25:17-і есебімен аяқтады. Ал, …
Қасиетті Қарасай ауданымыздың 90 жылдық мерейтойы екі күнге жалғасқаны мәлім. Алғашқы күні аудандық Мәдениет үйінде «Қарасай батыр – Ұлы даланың тарихи тұлғасы» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтіп, «Қарасай – тарихи атамекен» атты кітаптың тұсаукесерімен жұпталды. Мұнан соң, мерекелік дата айтулы ақындардың айтысымен жалғасса, екінші күнінде орталық алаңда Қарасай батыр ескерткішінің ашылуы көпшілікті қуантқан еді. Осындай игілікті …
Ауданымызда спорт саласында еңбек етіп, балалардың денсаулығының мықты болуына зор үлес қосып жүрген бапкерлердің қатары көп. Аптаның сәрсенбісінде ауданымыздағы «Úshqońyr» спорт кешенінде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Серік Қамзанов осындай бірқатар азаматтарды марапаттады. Нақтырақ айтсақ, ауданымыздың осы саласында балалардың өркендеп, дамуына үлкен үлес қосқан еңбектері үшін таэквандо жаттықтырушысы Бекзат Аумолдаевқа және еркін күрестің …
«Біз cаламатты өмір салтын қолдаймыз!» – деген ұранмен өткен аптада Қаскелеңдегі орталық стадионның алаңында, пробация қызметінің ұйымдастыруымен, кіші футболдан турнир өтті. Елбасы Н.Назарбаев өзінің соңғы жарияланған Жолдауында ел болашағы жастарды қолдау мақсатында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Осы ретте біздің ауданымызда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сондай шараның бірі ретінде осы футбол жарысын айтуға болады. …
«Úshqońyr» денешынықтыру-сауықтыру орталығы өткен аптаның сенбісінде спорт күніне орай, алғашқы жарыстардың бірін ұйымдастырды. Дәстүрлі түрде жыл сайын ауданға қарасты барлық қала және ауылдық округтер арасында өткізілетін сайыс биыл осы спорт мектебінде өткізіліп, тұрғындар өзара спортқа деген мүмкіндіктерін жан-жақты байқата білді. Айтулы додаға жарыс қожайыны ретінде «Úshqońyr» спорт мектебінің құрама командасы да қатысып, өз белсенділіктерін танытты. …
Тамыз айының үшінші жексенбісі Спорт күні екені баршаңызға белгілі. Айтулы мереке ауданымыз бойынша жыл сайын өз деңгейінде аталып өтіліп, түрлі спорттық шараларға ұласып жатады. Мерекелену дәстүрінен жаңылмаған Спорт күніне орай және ауданның 90 жылдығына байланысты, өткен аптаның сенбісінде Қаскелең қаласындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жарыс өтті. Аудандық спорт бөлімі …