«Үшқоңыр» спорт мектебінің шәкірттері басқа аудандардың жарыстарында да жасындай жарқылдап, жеңісті жолда жетістікке жетуде. Жақында Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ ауылында бокстан КСРО-ның спорт шебері, жоғарғы ұлттық дәрежедегі төреші Жақыпов Серік Болатұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы аталмыш ауданның ашық біріншілігі ұйымдастырылған болатын. Бұл додада «Үшқоңыр» спорт кешенінің жас боксшылары бақ сынап, жалпыкомандалық есеп бойынша І …
Қарасай ауданының тарихында тұңғыш рет қыздар арасында шахмат ойынынан чемпионат ұйымдастырылып, оның алғашқы жеңімпазы да анықталды. Ой жүйрігін ала тақта үстінде сынаған бұл турнир барлық санитарлық талапқа сай өткізіліп, кіл мықтылар өзара бақтарын сынады. Жарысқа аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Серік Қамзанов қатысып, шахмат ойыны қарасайлықтардың арасында әлі талай насихатталатынын айтып, баршасына сәттілік тіледі. …
Жуырда Талдықорған қаласында жекпе-жек сайысы бойынша жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп, оған еліміздің әр түкпірінен 400-ге жуық спортшы қатысты. Жас үздіктердің негізгі мақсаты – осы жарыста топ жарып, әлем біріншілігіне жолдама алу. Қоян-қолтық ұрысты серік еткен бұл додаға облыстық іріктеуден өткен, Жамбыл орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Бауыржан Баймұхамбетовтың бес шәкірті де қатысты. Түрлі …
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов осы аптада Жетісу өңіріндегі бірқатар спорт мектебіне автокөлік кілттерін табыстап, осы салада еңбек етіп жүрген азаматтарды марапаттады. Мәртебелі марапат пен сый-сияпаттардың барлығы Талдықорған қаласында өткен 2020 жылдың қорытындысы бойынша спорт саласының үздіктерін құттықтау сәтінде берілді. Темір тұлпарға ие болған денешынықтыру-сауықтыру кешенінің арасында біздің ауданның «Úshqońyr» спорт мектебі де бар. Дәурен …
20 февраля в Каскелене завершился Кубок Республики Казахстан по киокушинкай-кан каратэ среди детей и взрослых. Соревнование было приурочено к 30-летию независимости Республики Казахстан и к 150-летию великого казахского борца Кажымукана Мунайтпасова. Значимость турниру придавало участие в нем таких почетных гостей, как чемпиона мира по боксу Серика Сапиева, президента Национальной республиканской федерации киокушинкай-кан каратэ Омархана Оксикбаева, …
Жас қарасайлық спортшылардың шынығуына мол мүмкіндік туғызып, түрлі додалар ұйымдастырылып тұратын аудандық №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жақында палуандардың жарысы өтті. Бұл жолғы турнирде 2004-2008 жылғы спортшыларымыз еркін және грек-рим күресінен түрлі салмақта бақтарын сынап, Алматы облыстық чемпионатына жолдаманы сарапқа салды. Алдымен 16 қаңтар күні грек-рим күресінен ауданның жасөспірімдері сынға түсті. Боз кілемде өткен …
Өткен жылдың соңғы айында шахматтан ерлер мен жасөспірімдер арасында ауданымызда шахматтан XX чемпионат ұйымдастырылды. Жарыстың іріктеу кезеңі онлайн түрде өтсе, финалдық бәсеке санитарлық талапқа сай өткізілді. Бұл чемпионатқа «Үшқоңыр» спорт кешенінің шахматтан жаттықтырушы Мұхтар Ахметовтың және Қаскелендегі орталық кітапханада осы ойынның талай қыр-сырын үйретіп жүрген Амандұлла Әбдімұратовтың шәкірттері, сонымен қатар, ересектер де қатысты. Швейцар ойын …
Республика көлемінде Жетісудың атын шығарып жүрген спортшылардың қатарында біздің қарасайлық жас футболшылар да бар. Бір кездері ұлттық құраманың сапында доп тепкен Абзал Жұмабаев басшылық ететін «Парасат» футбол клубының жасыл алаңда жеткен жетістігі аз емес. Өткен жылдың 15-19 желтоқсан аралығында Шымкент қаласында ұйымдастырылған 2009, 2010 және 2011 жылғы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына жоғарыда атап өткен …
Гордостью нашего района является и знаменитый спортсмен, мастер спорта международного класса Республики Казахстан по греко-римской борьбе Асхат Дильмухамедов. Родился он 26 июля 1986 года в селе Алмалыбак Умтылского сельского округа. С восьми лет Асхат занимался таэквондо, а с 13-ти лет – греко-римской борьбой под руководством своего отца Рахата Охаповича. Не оставил эти занятия и тогда, …
Алматы облысында Елбасы мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынған. Аталған тапсырманы орындау үшін келесі жылы бұл бағытқа жарты миллиард теңге бөлінген. Облыс әкімінің орынбасары Рустам Әлидің сөзінше, өңірде Панфилов, Алакөл, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Кеген, Жамбыл және Талғар аудандарында 9 жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды. «Тәуелсіздікке трату» акциясы аясында …