Біздің тілшіміз филология ғылымдарының кандидаты, Сулейман Демирел университетінің ассистант профессоры Нұрсәуле Рсалиевамен сұхбаттасып, латын әліпбиіне көшу мәселесіне байланысты бірер сұрақтарға жауап беруін өтінген еді. – Нұрсәуле Мақсұтқызы, қазіргі уақыт талабынан туындап отырған қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру мәселесі Елбасының жарлығымен қолға алынып жатқан ел тарихындағы ең бір елеулі оқиғалардың бірі. Қазақ әліпбиін 2025 жылға дейін …
Кітапхана – рухани азық мекені. Бүгінгі технологиялық революция заманында өскелең ұрпаққа олардың артықшылығы мен маңыздылығын жиі айтып тұру артықтық етпейді. Себебі, кітапты қолға алып, оқығанды сана сезіміңмен түйсініп, көңілге түюдің өзі ерекше шабыттандырады. Таяуда, осы мақсатта Көксай ауылында орналасқан М.Мәметова атындағы мектепте, Іргелі ауылдық және мектеп кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, «Білім көзі кітапта» атты ертеңгілік өтті. …
Талдықорғандағы Журналистер үйінде «VIP ZHETYSU» кітапханасы ашылды. Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен қолға алынған жаңа бастама жастарды кітап оқуға шабыттандырып, таным көкжиегін кеңейтуге бағытталған. Онда арнайы зияткерлік клуб жұмыс істейді. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Әлиұлының айтуынша, бұл әлеуметтік, мәдени және білім беру салалары бойынша түрлі шаралар өткізетін жалпы облыс орталығындағы алғаш …
Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті бірлесіп ұйымдастырған «Рухы бекем, киелі мекен – Жетісу» атты ғылыми танымдық-экспедиция жуырда біздің ауданға да келіп кетті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі тұжырымдарын халық арасында кеңінен насихаттау бұл сапардың негізгі мақсаты еді. Университеттің ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор Қуат Баймырзаев …
300-ге жуық жас педагог-мамандар Сулейман Демирел университетінде «Рухани жаңғыру және цифрлық ғылымның ілгерілеуі кезеңіндегі адами капиталдың дамуы» тақырыбында өткен семинар-практикумде бас қосты. Ауқымды іс-шараға мектеп және колледж оқытушылары қатысып, жаңашыл форматтағы білім үрдістерімен кеңінен тәжірибе алмасты. Айта кеткен жөн, университет ұжымы аталмыш іс-шараны алғаш рет жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын нығайту және педагогика саласындағы мамандардың біліктілігін …
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясына жүзеге асқан ауқымды жобалардың бірі – Райымбек ауылдық округінде орналасқан «Батыр бабалар» мемориалды музейі 2017 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған болатын. Музей – Іле Алатауының батыс бағытында, көз тартар көркем табиғат аясында орын тепкен. Бұл жерде «Батыр бабалар» мемориалды музейімен қатар, «Нұр-Мұсахан» атындағы мешіт, жас …
Жуырда, Қырғауылды ауылындағы «Анаға құрмет» музейі мен «Батыр бабалар» мемориалы Алматы облыстық музейлері арасындағы байланысты нығайту мақсатында, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында орналасқан «Есік археологиялық-өлкетану музейінде» «Ел іші – өнер кеніші» тақырыбындағы көшпелі көрме ұйымдастырды. Атап айтқанда, «Анаға құрмет» музейі халық назарына осы атпен көшпелі көрмені ұсынды. Оның ішінде түйреуіштер, сан түрлі алқалар, маңдайға тағатын әшекей, …
Көзі ашық, көкірегі ояу адам баласы үшін кіршігі жоқ кітап әлемінің тигізіп жатқан пайдасының ұшан-теңіз екенін ешкім де жоққа шығара алмайды. Адам үшін кітап – сабырлы да салмақты ұстаз, үндемес үлкен ғажайып жан серігі болып келе жатқанын жақсы білеміз. Ал, кітап атаулыға орны бөлек құндылық ретінде құрметпен қарауға, баса назар аударып бағалауға үндейтін және жөні …
18 мамыр – Халықаралық музей күні. Бұл күн 1978 жылдан бері аталып келеді. Мәдени ошақтың қоғамдағы маңыздылығын насихаттауға бағытталған күнді әлемде жыл сайын 200-ге тарта ел мерекелейді. Рухани құндылықты ұлықтайтын шарадан қарасайлықтар да шет қалмайды. Ауданымыздағы тарихи-өлкетану музейінің басшысы Серік Қалиевтың бастамасымен, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, осы жерде «Музейдегі …
И вновь известный путешественник, писатель-публицист Исмаилжан Иминов, проживающий в соседствующем с нами селе Каргалы Жамбылского района, порадовал своим творением. На сей раз из-под его пера вышел сборник «Рассказы старого кашгарца», посвященный близкому и особо дорогому человеку – отцу Абдыкадыру кари. Презентация книги состоялась в городе Алматы, в Национальной библиотеке Республики Казахстан. Приехали разделить эту большую …