Алматы облысы Балқаш ауданында жол жөндеу жқмыстары қарқын ала бастады. Аймақта Кеңес Үкіметінің тұсында салынған жолдар ауыл азаматтарының құтын қашырған еді. Жергілікті биліктің базынасы облыстық әкімдікке жетіп, бюджетен 1 млрд. 300 млн. теңге бөлінді. Қазір жол жөндеушілер ауданға қарасты тозығы жеткен жолдарды жөндеп жатыр. – Береке ауылының 17 шақырымын орташа жөндеуге 670 млн теңге бөлінді. …
Талғар қаласындағы №2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынғали Еділовтің жүлдесі үшін бокстан 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында турнир өтті. Аталған жарысқа Өзбекстан Республикасы мен Алматы қаласы, Алматы, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Алматы облысының Қонаев қаласы, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Талғар аудандарының командалары қатысты. Белгілі бапкердің жүлдесі …
Конституция күнін мерекелеу аясында Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округіндегі Қосқұдық станциясында ел күткен жаңалықтың бірі болды. Жаңа оқу жылының қарсаңында аталған елді мекеннің оқушылары үшін жаңа мектеп ашылды. Ғимараттың салтанатты түрде ашылу шарасына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, мемлекеттік қоғам қайраткері Қанат Бозымбаев (жақында Президент кеңесшісі болды), Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев, сондай-ақ ақсақалдар, …
Алматы облысы Райымбек ауданында «Damu» инновациялық оқыту және дамыту орталығының салтанатты ашылуы өтті. Орталықты менти Назира Қанапияева ашты. Назира Қанапияева 2022 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 5 миллион теңге сомасына қайтарымсыз грант ұтып алды. Алайда ол тек қажетті қаражатқа ие болу жеткіліксіз екенін түсінді. Кәсіпкерге білім, өзіне және өз ісіне деген сенім қажет болды. …
Үш аусымдық – бүгінде Алматы облысындағы барлық дерлік аудандарды мазалаған мәселе. Жылда жаңа мектептер салынып, қолданысқа беріліп жатқанымен халық санының өсуіне байланысты білім ордаларында орын жетіспеушіліктер азаяр емес. Өңірдегі осы мәселені шешу мақсатында былтыр 710 орындық 4 мектеп салынып, қолданысқа берілген еді. Ал биыл 16 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның тоғызы 1 қыркүйекте пайдалануға берілді. …
Көрген жерде жылы қабақ танытып: «Сәлеметсіз бе! Қалыңыз қалай?» деп қазақша амандық-саулық сұрасатын осы бір мейірімді жанды менің білетініме жиырма жылдай болыпты. Әлі сол қалпы дегіміз келгенмен, уақыт атты құдіреттің дегеніне пенденің көнбеске амалы қайсы. Апамыз бүгінде сексен жастың сеңгірінен асты. Бірақ соның өзінде жұмысын қойған жоқ. Ауданда өтетін іс-шара, жиындардан қалмайды. Қызметі – «Әйелдерді …
Биыл Ұйғыр ауданының біраз ауылында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Экономиканың басты күретамыры саналатын жолды жөндеу – халық игілігі үшін жасалатын басты жұмыс. Ағымдағы жылы Ұйғыр ауданының көшелерін жөндеуге 1 млрд 146,9 млн.теңге қаржы қарастырылған екен. Оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 722,8 млн теңге, облыстық трансферттер есебінен 50,0 млн теңге, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасынан 525,5 …
Алматы облысының Кеген ауданына қарасты Ақай Нүсіпбеков ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Жалпы алаңы 320 шаршы метрді құрайтын ғимараттың құрылысы 2022 жылы басталған болатын. Амбулаторияда 2 дәрігер және 5 медицина қызметкері жұмыс істейді. Жаңа ғимарат стоматологиялық құрылғымен, зертханалық, физиотерапиялық және ЭКГ аппараттарымен жабдықталған. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаеваның айтуынша, емдеу орнында амбулаториялық қызметтен …
Аптаның сейсенбісі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысына келді. Оның барысында Мемлекет басшысына облыс орталығы Қонаев қаласының Бас жоспары таныстырылды. Жобаны таныстырған «Урбостиль» ЖШС директоры Любовь Нысанбаева Қасым-Жомарт Кемелұлына облыс орталығының аумағы 2050 жылға қарай 19 мың гектарға ұлғайып, халық саны 200 мың адамға жетеді деген болжам жасалып отырғанын айтты. Жоспарға сай қаланы …
«Ел іші – өнер кеніші», демекші ауылдарды аралай кетсең, неше түрлі шеберлерге, он саусағы өнеріне толы жандарды кезіктіріп жатасың. Бөлексаз деп аталатын ынтымағы ұйыған, берекесі мерекесіне ұласқан ауылда тұратын Қытайдан атамекенімізге оралған Змила Рақыш атты өнерлі келінді кездестірдік. Неше түрлі әдемі моншақтардан жасаған ыдыстарын көріп, тәнті болдық. Бұл дегеніңіз аталған нәзік жанның бойына біткен табиғи …