Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес ауыл-ауылды аралап, апта сайын тұрғындармен кездесіп, халқының хал-ахуалымен жете танысып жүрген аудан әкімі Таңат Айдарбеков осы жолы ат басын Нұра ауылдық округіне қарасты Өстемір ауылына бұрды. Мұнда да айтылар ой, қордаланған мәселе аз болмағаны белгілі. Тұрғындардың айтар жанайқайы да бар. Нұра ауылын Дәулетқұл көшесінің …
Кәдірбек Сүлейменнің мерейі Әр өңір өнерінің мәйегіндей жандар аз емес. Сол өлкенің елі-жұртының ыстық ықыласына бөленіп жүрген тұла бойлары өнеріне тұнған жандарды көргенде ризашылығың арта түседі. Ақырын жүріп, анық басады. Артық сөзі, мінезі жоқ. Ақ көңіл, ақ пейілдің өзі. Келісті қара шашын артқа қайырып қояды. Батырлар тектес еңселі денелі жігітті алыстан байқайсың. Сөзге де шебер. …
Бұрыннан дос-бауыр, ағайын-туыс іргелес ағайын-жұртты жақсылықтары, жаңалықтары, игі істерімен жақындастыра түсетін, өнерін де ортақтастырып, ақ ниет-тілектеріне толы ыстық құшақтарын қауыштыра түсетін аудандардың мәденит күндері әйгілі Хантәңірі шыңының баурайындағы Кеген ауданында жалғасын тапты. Өңірі десе сұлу Көлсайы, өлмес әнге арқау болаған Үш Меркісі, Жетісу өлкесіне жарық нұрын таратып тұрған Мойнағы, қара алтынды Ойқарағайы еске түсетін, рухани …
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен министрлікке қарасты ведомстволық ұйымдар және республикалық жастар қоғамдық бірлестіктерінің, жастар ресурстық орталықтары мен эстрада жұлдыздарының қатысуы негізінде жуырда республикалық деңгейде экологиялық акция ұйымдастырылды. Оған «Жастар» ҒЗО, блогерлер, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы, «Жасыл ел» жауынгерлері, «Жас Сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы, «Қазақстан студенттер Альянсы» түгелдей қатысты. Бір мезгілде еліміздің барлық …
Елімізде қазанның екінші жексенбісінде аталып өтетін мүгедектігі бар адамдар күні қарсаңында ауданның ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту және спорт бөлімінің, «Ұлттық құндылық» пен «Кәусар бұлақ» қорларының ұйымдастырумен ерекше балаларға арналған «Шексіз әлем» атты фестиваль өтті. – Мүмкіндігі шектеу-лі балалар мен жас-өспірімдердің таланттар байқауының мақсаты – мүгедек жандардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, қолдау көрсету, ынталандыру, – …
Тәуелсіз Отанымыздың келешегі – жас ұрпақ. Күнге қарай бой түзеп өсіп келе жатқан жастарымыздың білімді, өнерлі, спортқа жақын болып өскені ләзім. Сондықтан мектеп қабырғасынан бастап балалардың бойындағы дүниелерін оятып, талабын ұштаған абзал. Жақында Кеген ауданындағы Талды орта мектебінде балалардың балғын өнеріне арналған шара өтті. Оған отбасылы білікті ұстаздар Ерболат Шайзатұлы мен Нұржан Жұмахан ұйытқы болды. …
Хантәңірі шыңының етегін мекендеген Нарынқол өңірінің айтулы ақыны, Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Еркін Ібітанов – көзі тірісінде аз жазса да, саз жазған ақын. Санаулы өлеңдерінің осалы жоқ. Бәрі де жүрек тебіренісінен, шабыттың буырқанған қайнарынан шымырлап шыққан жырлар. Рас, Еркін ақын өз тұсында Тұманбай Молдағалиевпен жақсы қарым-қатынаста болды. Тіпті, бір баласының атын Тұманбайға арнап Тұман …
Қазіргі уақытта әр ауылда, іргелі ортада ақ әжелер ансамбльдері жұмыс істейді. Өмірлері өнегесіне, тірліктері тағылымына толы асыл жандардың дәл сондай ансамбльдің құрамында жүргеніне қуанамын. Жастары жетпістен асып сексенге таяса да қатардан қалмай, ұлтымыздың ежелден келе жатқан саф алтын-халықтық әндерін әуелете айтып, жас ұрпаққа ұлағаттап жүргеніне жұбанамыз. Кеуделері алтын сандық ақ әжелеріміз бар да ұлттық құндылықтарымыз …
Мынау жарық дүниеде ұстаз еңбегіне жетер, тең келер ештеңе жоқ?! Ұстаз ісі – мәртебелі іс. Мұғалім – биік тұлға. Адам жанын жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелейтін, баулитын асқақ мамандық. Міне, күндер заулап, айлар жылжып ұстаздардың тағы бір төл мерекесі келіп жетті. К. Нұрпейісов атындағы мектеп-лицейде «Ұлағат» атты шығармашылық топ жұмыс істейді. Бұл мұғалімдерге әдістемелік көмек беру үшін …
1 қазан – Халықаралық Қарттар күні болып аталып өтіп келеді. Кеген ауданында қарттар күнін өз мәнінде өткізуге лайықты назар аударылып отырады. Бұл расында барлық ауылда жоғары деңгейде өткізіліп жүр. Бұл күні қариялар ақ дастархан басында қауышып, бір-біріне ақ тілектерін айтады. Әкімшілік, мекеме, ұйымдар тарапынан құрмет көрсетіледі. Биыл да қарттар күні жақсы деңгейде аталып өтті. 1 …