Жазушы Ғұсман Жандыбаевтың: «Оттан түспеген ойлар» атты терең философиялық ойларға толы кітабын оқып шыққаным бар еді. Сол кітаптың бір тарауында: «Өмірді мәнді өткізу – адамдардың жүрегінде қалу. Егер адамдардың жүрегі пейіш десек, оның төріне бара алатын сенің шыбын жаның, ізгі жақсылықтарың ғана. Тозаққа түсу дегеніміз адамдардың жүрегінен орын тимей қалу» – деп жазғанына көзім түсіп, …
Білімін игі іске жұмсау үшін рух керек. Рухты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында жуырда «Үзеңгілестер» орталығы мен «Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу» орталығының ұйымдастыруымен 5-6 жастағы балалар арасында таеквондодан жарыс өтті. Аудандық спорт кешенінде болған біріншілікке балабақшалар мен спорттық үйірмелерден балалар келді. Осы спорт түрінің ережесіне сай кимоно мен бас киімін киіп, шаршы алаңға шыққан балақайлардың тартысты жекпе-жегі …
Мемлекетіміз отандық кәсіпкерлікті қолдау мақсатында іскер жандарға барынша жағдай жасап келеді. Қарғалы ауылының тұрғыны Ермек Баймолдаұлы – сондай мүмкіндікті пайдаланғандардың бірі. Ол мемлекет тарапынан ұсынылған қолдаудың арқасында бүгінде кәсібін дөңгелетіп отыр. Алдымен Ермек табиғи газбен жанатын пештер мен оған қажетті жабдықтар сатумен айналысуды қолға алды. Өйткені бұл істе тәжірибесі бар. Газ пештерін жөндеумен тікелей айналысып …
Жамбыл ауданында 2027 жылға дейін 4 инвестициялық жоба жүзеге асады. Жалпы ауданға тартылатын инвестициялық жобалардың жалпы құны 90 млрд теңге шамасында. Нәтижесінде 4 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Ұзынағашта өткізген баспасөз мәслихатында аудан әкімі Нұрлан Ертас осылай деді. Аудан басшысының айтуынша, қазіргі уақытта кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру бойынша бұл аймақта барлық …
С начала года имеющий большое социальное значение проект «Ауыл аманаты» реализуется и в Жамбылском районе, который занимает четвертую позицию в области. О том, как идет работа в этом направлении, рассказал директор районного филиала НПП «Атамекен» Олжас Тлепбергенов. С его слов на реализацию проекта району был выделен 1 млрд 551 млн тенге. Для получения льготных кредитов …
Жамбыл ауылындағы өнер мектебі еліміздің төл өнері мен мәдениетін дамыту үшін жүйелі жұмыс атқаруды мақсат еткен. Мұнда дәстүрлі өнердің түрлi салаларын жан-жақты жандандырып, оны жастар арасында кеңінен насихаттау бағытында жұмыс атқарылуда. Сонымен қатар оқушыларға инновациялық технологияларды пайдалану әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы шығармашылыққа баулу жолға қойылды. Осы мақсатта жуырда өнер мектебінде «Қосымша білім берудегі инновациялық технологияларды пайдалану …
Мемлекеттік қызметтерді онлайн-түрде алу үшін елімізде Egov-бұрыштар көптеп ашылуда. Жамбыл ауданының Мыңбаев ауылында да осындай қызмет бар. Ол аталған ауылдық округ әкімдігі ғимаратының бірінші қабатында орналасқан. Қызметтің бұл түрін тұрғындарға Айбын Барысбеков көрсетеді. Ол бала кезінен ДЦП сырқатына душар болған. Алайда соған қарамастан өз міндетін ойдағыдай атқаруда. Себебі ол бұған дейін-ақ компьютерді жетік меңгеріп, ғаламторды …
Жамбыл ауданында «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» атты қолданбалы өнер шеберлерінің облыстық көрмесі және «Баталы ел – көгерер» атты бата беру байқауы өтті. Ұзынағаш ауылындағы аудандық Мәдениет үйінде қатар өткен қос шараның мақсаты — ардагерлер арасында халық шығармашылығын дамыту, қолөнер шеберлерінің еңбектерін кеңінен насихаттау, оларға қолдау көрсету, туған жердің таланттарын елге таныту, еңбектерін жұртшылыққа паш …
Жамбыл ауданының әкімшілік орталығы Ұзынағаш ауылында 1500 орындық мектеп пайдалануға берілді. Заманауи үлгіде жаңадан бой көтерген білім ордасы осы аудандағы ең үлкен мектеп болып саналады. Орналасқан жері де өте қолайлы, елді мекеннің тау жақ шетінде, кейінгі жылдары етек жайған жаңа тұрғын үйлер орамында қоныс тепкен. Сәулетті ғимараттың салтанатты ашылуына облыстық мәслихаттың төрағасы Талғат Байеділов, аудан …
Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық дамуы» атты Қазақстан халқына Жолдауымен «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Қаныбек Айтжанов таныстырып, Жолдаудың орындалуына белсене атсалысуымыз керектігі жайлы айтты. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының Қарасай аудандық 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасының орындалуы жөніндегі жол картасы бойынша нысандарға жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары …