Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Тіл қай елде, қай ұлтта болмасын қадірлі де, құдіретті. Ұлттың болмысын, ұлылығын, …
Биыл соғыс және еңбек ардагері Әбсемет Сатыбалдыұлының туғанына 105 жыл толды. Ел басына күн туып, ер етігімен су кешкен шақта Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысып, одан аман-есен елге оралған Әбсемет ата туған жерді түлетуге ұзақ жылдар еселі еңбегімен үлес қосқан нағыз еңбек майталманы болатын. Өмірі өнегеге толы, кейінгі ұрпаққа тағылымын молынан қалдырған осындай адамдарды жалпақ …
Ұзынағаш ауылының тұрғыны Кәмилә Байматованың тігін ісінде он жылдан аса тәжірибесі бар. Бұрын киім тігетін бір кәсіпорында тігінші болып жұмыс істеп жүргенінде өзінің жеке ісін ашуды мақсат етті. Сөйтіп бұдан бес жыл бұрын кәсіпкерлікті бастады. Ұлттық нақыштағы киім мен үй бұйымдарын тігу оның әуел бастағы арманы болатын. – Мен тігін цехында сегіз жылға жуық жұмыс …
Гүл өскен жерге гүл өседі. Қашанда ән мен жырдың мекені болған Жамбыл ауданы өрелі өнерпаздан кенде емес. Арқалы ақындар мен дәулескер күйшілер суырылып шыққан топырақта бүгінде күміс көмей әншілер көрерменнің ыстық ықыласына бөленуде. Солардың бірі – Ұзынағаш ауылындағы Сембаевтар халықтық отбасылық ансамблі. Құрылғанына он үш жыл болған отбасылық өнерпаздар тобы түрлі деңгейдегі байқауларда жүлделі орындардан …
Жамбыл ауданындағы Халық ақыны Ү.Кәрібаев әдеби-мемориалды музейінде саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған шағын экспозициялық бұрыш бар. Онда солақай саясаттың кесірінен жазықсыз жазаланған ұлт зиялыларынан Ұзақбай Құлымбетов жайлы да біраз дерек келтірілген. Осы орайда мұражайға келушілерден Ұзақбай Құлымбетов пен Үмбетәлі ақынның арасында қандай байланыс болған деген сұрақ жиі туындайды. Біз мұны Үмбетәлінің жиен немересі, әрі аталған музейдің …
Суықтөбе тауының баурайындағы Шиен ауылында «Қарлығаш» балабақшасы ширек ғасырдан астам уақыттан бері жұмыс істейді. Ағаш бір орында тұрып жеміс беретіні сияқты ғимараты 1970 жылы пайдалануға берілгелі бері осыннан сан буын ұрпақ тәрбиеленді. Тоқсаныншы жылдары нарық қыспағынан балабақшалар жаппай жабылғанда да бұл мекеме жұмысын тоқтатқан жоқ. «Оңтайландыру» желеуімен мемлекеттен қаржыландыру тыйылған кезеңде жол таба білген елдегі …
Спортты жанына серік еткен Жәмилә мен Мәдина Бақбергеновалар әйелдер күресінен әлемдік жарыстарда топ жарып жүр. Қазақстанның көк туын биіктерден желбіреткен егіз қыз Жамбыл ауданында туып-өскен. Егіздер 1996 жылғы 6 қаңтарда осы аудандағы Қызыләскер ауылында дүниеге келген. Әкелері Науқаннұр Бақбергенұлы да кезінде белді спортшы болған, футболдан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген жаттықтырушы. Спортшы …
Республика күніне орай Жамбыл ауданының Қопа жазығында 100 шақырымдық Аламан бәйге өтті. Еліміздің Ұлттық мерекесіне арналған айтулы шараға жиналған жұртшылық бұл күні ат жарысынан бөлек ұлттық ойындардың да көрігін қыздырды. Спорт бәсекесінде топ жарғандарға қомақты жүлде қоры тігілді. Бұл күні ауданның солтүстік-батыс шетіндегі сары дала бір сәтте ұлан-асыр тойға айналды. Әдетте мұнда адам аяғы сирек …
2019 жылы «Алматы – Талдықорған» магистралды газ желісінен көгілдір отын тарту арқылы «Бақанас» автоматтандырылған газ тарату стансасы салынып, ауданға жоғары қысымды құбырлар жүргізіле бастаған. Станса құрылысы аяқталған уақытта газ тарату желілерінің болмауына байланысты көгілдір отынның берілуі кейінге шегерілген. Бүгінде халықтың көптен күткен арманы орындалып, 16 320 тұрғыны бар 6 ауылда (Бақанас, Миялы, Бояулы, Ақдала, Бақбақты, …
Ұлы Даланың тарихи-мәдени құндылықтарын басып шығару, ата-бабаларымыз батырлардың жоғары рухына құрмет көрсету Қарадала және Кеген өңірлері: тарихы және қазіргі заман» тарихи экспедициясын және «Қарадала шайқасы және қазақ батырлары: ерлік дәстүр мен тарихи сабақтастық мәселелері (ХVІІ-ХХ)» Халықаралық ғылыми конференциясын өткізілді. Маңызды актіні қайта құру — «Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама» «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихи оқиғасының 300 …