Талғар қаласында «Халық» қайырымдылық қоры мүгедектігі бар жандарға, әлеуметі жағынан төмен және көпбалалы отбасыларына акция өткізді. Жиынға Талғар қаласының әкімі Б.Күрішбеков, ауылдық округ әкімдері, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары қатысты. Аталған шарада қала әкімі Б.Күрішбеков аталған акцияны ұйымдастырып отырған «Халық» қоғамдық қорына ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыстады. «Халық» қайырымдылық қоры 2016 жылы …
«AMANAT» партиясы Талғар аудандық филиалының 14 бастауыш партия ұйымында 6328 партия мүшесі бар, партиялық топтар саны – 109. Бұл саяси ұйымның басты мақсаты – әрқашан халықтың игілігі жолында жұмыс атқару. Жыл басталғалы бүгінгі күнге дейін аудандық партия филиалы ауқымды жұмыстар атқарып, тұрғындардың талап-тілектерін басты назарда ұстап келеді. Жағдайды кеңірек білу мақсатында «AMANAT» партиясы Талғар аудандық …
Сөзі салмақты ұлылар ізін жалғаған ақын Мен осы ауылданмын, Өлең жазу дертімен ауырғанмын. Қарасаздың қуалап толқындарын, Нөсеріне шомылғам жауындардың. Мен осы аймақтанмын, Талай-талай адасқам, ай батқан түн. Мен –осы Қарасаздың перзентімін, Шаруам жоқ, болса да қай жақтан кім?!, – деп жырлаған Шеризатттай ақын ағамыз жырға толы күндері мен түндерінің құшағында. Қастерлі қаламын қалғытпай, адам, қоғам, …
2023 жылдың 1 қарашасынан бастап Кеген ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімінің басшысы болып Әбділда Жасұлан Ерланұлы тағайындалды. Әбділда Жасұлан Ерланұлы 1993 жылы 8 қарашада Алматы облысы Бөлексаз ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2015 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университеті «Жерді баптау және қорғау» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2016 жы Райымбек ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» …
Кеген ауданындағы Қарқара жайлауының шөбі шүйгін. Өріске сән берген төрт түлік мал жетерлік. Жалпы, өткен ғасырда әйгілі Қарқара көтерілісі тұтанған, Ереуілтөбесінде еңселі ескерткіші орнатылған, халықаралық маңызы бар Қарқара жәрмеңкесінің орны қалған, Ұлы Жібек жолының бір тармағы өткен өңірге толқымай, толғанбай қадам басу мүмкін емес. Тарихтың өзі мен көзіндей өлке. Бұл хан жайлау Жел Қарқара, Құр …
Кеген ауданының орталығы жыл өткен сайын жағдайын жақсартып, көркіне көрік қосып, жаңа тұрғын жайлармен іргесін кеңітіп келеді. Біз сөз еткелі отырған кейіпкеріміз Кеген ауылдық округі әкімі Руслан Масеновтей азамат басқаратын ауылда игілікті шаруалар аз емес. Бүгінде «Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 10 мемлекеттік қызметкер, 5 техникалық қызметкер жұмыс істейді. Сонымен қатар ауылдық округке …
Бұдан бес жыл бұрын аудан орталығында 1200 орынға арналған мектеп пайдалануға берілген еді. 60 оқу кабинеті, 47 интерактивті тақта, екі кітапхана, 230 орындық асханасы бар білім ғимараты заманауи үлгімен салынған, бөлмелері кең де жарық. «Ұзынағаш ауылындағы орта мектебі» атты білім ұясында жуырда тәжірибе алмасу алаңы өтті. Аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Салтанат Әденованың жетекшілігімен аудандағы мектеп …
Қарашаның 5-і, жексенбі күні елімізде қанатқақты жоба бойынша бірнеше аудан әкімдерінің сайлауы өтті. Сайлау жүйесін жетілдіру мақсатындағы саяси науқан Қазақстанның 45 ауданын қамтыды. Пилоттық жобаны іске асыруға Алматы облысында екі аудан –Балқаш және Жамбыл аудандары таңдалған болатын. Әкім сайлауы өткізілген сол 45 ауданның, нақтылай кетсек 42 аудан мен 3 қаланың ішінде сайлаушысының саны ең көбі …
Қарашаның 5-інде облыстағы әкім сайлауы өткен екі ауданның бірі – Жамбыл ауданы. Алматы іргесіндегі үлкен ауданның әкімі болуға үш үміткер тіркелген еді. Олар – Базарбаев Жанғали Мұратбекұлы, Ертас Нұрлан Ертасұлы және Шортанбаев Ғани Мұқанұлы. Бұл кандидаттар алдын ала өздерінің сайлауалды бағдарламаларын жариялап, саяси шарада жеңіп шығу үшін сайлау заңнамасына сай тиісті жұмыстар жүргізген болатын. Жамбыл …
Қоғамдағы көкейкесті мәселе болып, ел ішіне білінбей кірген індет секілді, өзек жарды проблемаға айналып отырған сыбайлас жемқорлық туралы бүгін Шамалған ауылдық Мәдениет үйінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ іс» атты дөңгелек үстел болып өтті. Оған ауыл жастары мен Шамалған ауылындағы көп салалы кәсіптік колледждің студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты – «сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды …