Еңселі Елордамыз — Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орайластырылған игі шаралар легі ауданымызда жалғасын табуда. Мысалы, сәрсенбі күні Елбасы туып-өскен Шамалған ауылындағы мәдениет үйінде «Қазақстанның кітапханалары» жобасы аясында коворкинг орталығы ашылды. Айта кету керек, бұл коворкинг орталығы — жастар ұйымдарының жұмысын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ұжымдық кеңсе қызметі. Мұнда әлеуметтік жобалар аясында жастар үшін барлық …
Кеше аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында жастар ісі жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Қала, ауылдық округ әкімдері, жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушылар, бөлім және мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысқан жиынға аудан әкімі Жандарбек Далабаев төрағалық етті. Күн тәртібіне сәйкес, алдымен үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығындағы аудандық жастар саясаты бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде Жастар ресурстық орталығының жетекшісі …
Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің кәсіби мерекелеріне орай аудандық «Заман жаршысы» газеті редакциясы ұжымы мен облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газеттерінің және «Жетісу», «СТВ» телеарналарының тілшілеріне өткен жұмада құрмет көрсетілді. Аудандық әкімдіктің кіші залына жиналғандар алдымен биыл 85 жылдық мерейтойын қарсы алғалы отырған «Заман жаршысы» газетінің тарихы, тыныс-тіршілігі жайындағы бейнероликті тамашалады. Аталған мереке иелерін аудан әкімінің орынбасары …
В минувшую среду в городе Талдыкоргане, в парке «Жастар», прошло торжество, приуроченное к 100-летию областных газет «Огни Алатау» и «Жетісу». В рамках этого векового юбилея была издана книга «Об «Огнях» – с любовью…». Предлагаем нашим читателям небольшой отрывок. Я держу в руках по-настоящему желтую газету. Но желтую не в переносном смысле, имея в виду содержание, …
Сөз жоқ, ХХІ ғасыр – ақпараттық ат ойнату, бітіспес идеологиялық күрес ғасырына айналды. Осындай өрістің өзінде Қазақ елінің байрақты бейнесін әспеттей әуелетер қазақ журналистикасы қандай күйде дегенде мүдіре қоймасымыз хақ! Әйтсе де, бүгінгідей ақпарат шеруі әлемді шарпыған шақта журналистиканы дамыту – ұлттық қауіпсіздікті сақтау деп түйсінгеніміз абзал. Бағдарлап қарасаңыз, қазіргі таңда еліміздің идеологиялық мақсат-мұраты, ұлттық …
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында және Елордамыз Астанаға 20 жыл толуына орай, кеше ауданымызға экскурсияға Алматы қаласы «Нұр Отан» партиясы Жетісу аудандық филиалының белсенділері, мәдениет саласының қызметкерлері мен ардагерлер кеңесінің мүшелері келді. Бұл экскурсияның мақсаты – еліміздің, оның ішінде Қарасай жерінің тарихымен жақын танысып, мәдени мұраларын дәріптеу, сақтау және …
Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында аграрлық-өнеркәсіп кешенін цифрландыру оның серпінді дамуының кепілі болып табылатынын алға тартуда. Сонымен қатар, Елбасымыз бұл саладағы еңбек өнімділігін арттырып, ауылшаруашылық өнімдерін экспорттаудың көлемін кемінде 2,5 есе арттыру жөніндегі жұмыстарды міндеттеуде. Біздің ауданымыздағы АӨК-ті цифрландыру аясында «Қаскелең тәжірибе шаруашылығы» ЖШС базасы «Нақты егіншілікті дамыту үшін инновациялық агротехнологиялық паркі» атты пилоттық жобасын …
Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметші екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын бұл қызмет – мәртебелі міндет. Жылдағыдай, биыл да кәсіби мерекелеріне орай, қарасайлық мемлекеттік қызметшілер құрмет биігінен көрінді. Атаулы күнге арналып аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған салтанатты шараға аудан әкімі …
Дүйсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалының кезектен тыс ХХV конференциясы өткізілді. Алдымен конференцияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық филиал Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді. Мұнан кейін «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев сөз алып, бұрынғы филиал төрағасы Махаббат Бигелдиевтің осы орайда көп жақсы …
Киелі поэзия әлемінде ақын, драматург, сазгер Исраил Сапарбайдың өзіндік орны, биігі бар. Ол қазіргі қазақ өлеңінің абыройын асырып жүрген, жүректен қозғайтын жүйрік қаламгердің бірі. Жаныңды теңіздей тербететін, ой- қиялыңды алыс қиырларға алып кететін отты жырлары оқырманын ойландырып та, толғандырып та тастайды. Жүрегіңді нұрландырып, сезіміңнің нәзік қылын шертетін лирикасынан алар әсер әрдайым әдемі. Аптаның бірінші күні …
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)









