Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жуырда ғана жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын ел үшін, қоғам үшін аса маңызды мақаласын, шын мәнінде, ұлт рухының айрықша салтанат құруына бастау, негіз болып отырған ерекше оқиға десек орынды. Тұңғыш Президентіміздің бұдан бұрынғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жақсы жалғасы ретінде көрінетін бұл ерен еңбек өзінің ой тереңдігімен, тарихи …
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н.Назарбаев тәуелсіз Қазақстан халқының рухани дамуына үнемі бағыт-бағдар беріп келеді. Атап айтқанда, кез-келген халықтың рухани түлеуіне негіз болатын екі бағыт – тарих пен мәдениетке үнемі қолдау көрсетуде. Тікелей Елбасының бастамасымен «Мәдени мұра» бағдарламасы қолға алынғанда тарихымыздың ақтаңдақ беттері ашылып, жоғымыз түгенделіп, халқымыздың өткен тарихы ұлттық тұрғыдан жазылуға мүмкіндік алған болатын. …
Талдықорғанда, мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың су жаңа «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына байланысты дөңгелек үстел өтті. Елбасы «Егемен Қазақстан» газетінің бетіне жария еткен мақаласын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырған. Онда Ұлы даланың жеті қыры: «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Қазақстан – алма …
Тұңғыш Президент күні қарсаңында ауданымызда түрлі іс-шаралар ауқымды түрде атқарылып, атаулы мерекеге орай әдебиет пен өнер саласы да назардын тыс қалмады. Соның дәлелі ретінде кеше аудан орталығы Қаскелең қаласының мәдениет үйінде «Ел тірегі – Елбасы» атты І Республикалық рухани жаңғыру фестивалін айтуға болады. Байқауға ұласқан аталмыш шара ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне қарасты …
Қандайда бір ісіңіз дөңгеленіп, қарқынды жұмыс жасауға құлшынысыңыз болса, алдымен оны тұрғындарға толықтай насихаттауыңыз керек. Ал, оны жүзеге асыру үшін жарнаманың күші көп керек-ақ. Алайда, жарнаманың жөні сол екен деп көрінген жерге тақтайшалар мен баннерлерді жалауша етіп жалбырата ілудің қажеті шамалы. Олардың ішінде заңсыз ілінгендерін айтпағанда, салықтан жалтарып отырғандары да баршылық. Тіпті, кейбір маңдайша жазбалары …
Тұтас тарихымызға көз жүгіртсек, тағылымы мен өнегесі көп тың деректерге кез боламыз. Қазақ елінің тарихы – келешек ұрпақ үшін ұлттың құндылығы сақталған қайнар көз. Ал, біз тарихи сананы жаңғыртып, ғылым мен білімді серік ете білсек, алынбас қамал жоқ. Түп-тамырын танып, біліп өскен әр қазақтың баласы болашақта ұлтқа қызмет ететін болады. Осыларды негізге ала отырып, Елбасымыз …
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сұңғыла саясаткер, алысты болжай алатын кемеңгер де көреген көшбасшы, тарихты терең біліп,одан үлкен ой қорытатын парасат-пайымы мол мемлекет басшысы екенін бүгінде бүкіл дүние жүзі біледі. Сондықтан сара саясатты салмақты егемен ел жетекшісінің ұтымды пікірімен, ұтқыр ұсыныстарымен өзгелер үнемі санасып отырады. Енді, міне, жүрегі әрдайым елім деп соғатын Елбасымыз …
Өткен аптаның жұмасында аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXVI сессиясы болды. Күн тәртібіндегі мәселелер бекітілмес бұрын мәслихат депутаттары мен сессияға қатысушы аудан әкімі және оның орынбасарлары, қалалық, ауылдық округтердің әкімдері, бюджеттік мекемелер және бөлім басшылары жақында ғана мезгілсіз дүниеден өткен депутат Мәлік Мәдиұлын бір минут үнсіздікпен еске алды. Сессияны …
«Ит – жеті қазынаның бірі» дейді дана халқымыз. Тарихқа сүйенсек, иттің адалдығы оның қастерлі жануар екенін дәлелдеген. Сол себепті олар қазыналардың қатарына жатқан көрінеді. Осыған байланысты қазақтар итті жыл санауының атауына кіргізіп, ол жайында ертегілерде де түсінікті етіп жазған. Алайда, біз қастерлі деп отырған жануардың жыртқыштық қасиеті бар екенін де ұмытпағанымыз жөн. Бұрын ия, ата-бабамыз …
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бекітілген болатын. Оны іске асыру мақсатында ауданымыздағы дін мәселелеріне қатысты ақпараттық-түсіндіру тобы қарқынды жұмыстар атқаруда. Солардың ықпалымен түрлі іс-шаралар, семинарлар, дөңгелек үстел басындағы пікір-сайыстар және білікті мамандармен кездесулер ұйымдастырылып келеді. Өткен аптада аудандық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы тағы бір жоспарлы …
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)









