Өміріміздің кез келген сәті әртүрлі қауіпті әрі апатты жағдайларға толы деп айтуға болады. Әсіресе соңғы уақытта күллі әлемде табиғи апаттар орын алып жатқандығын ескере кету керек. Бүгінде олардан сақтану және алдын алу шаралары күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелер сапында тұр. Бұл ретте төтенше жағдайлар бөлімдеріне артылған жауапкершілік те жоғары. Тіпті, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та …
Мемлекеттің дамуына бірден-бір кедергі болатын сыбайлас жемқорлық екені жасырын емес. Қоғам дертіне айналған бұл құбылыс әлемнің көптеген елінде кездесіп, сол мемлекеттің саяси ахуалына, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда даму үдерісіне тежеуші күшке айналуда. Жемқорлық жайлаған елдің арасында Қазақстанның бар екені айтпасақ та белгілі. Өйткені оған себеп болатын факторлар жетіп артылады. Пара алу мен пара берудің дәлелі бірқатар салада …
Мерзімді әскери қызмет атқару – әрбір жастың азаматтық борышы. Осы орайда ауданымызда күзгі әскерге шақыру науқаны қызу жүріп жатыр. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жиналу алаңына келген жасөспірімдердің алғашқы легі әскерге аттанып та кеткен еді. Таяуда тағы бір салтанатты шара өтіп, жас жігіттерді әскер қатарына шығарып салу шарасы ұйымдастырылды. Оның барысында Қонаев қаласына әскерге лайықты …
Алаш арыстарының идеяларын мектеп форматына трансформациялау мақсатында Қаскелең қаласындағы В.Белинский атындағы орта мектепте «Жаңа қазақ зиялылары: ар-намыс, ұлттық мүдде, талап, еңбек, терең ой» атты облыстық форум өтті. Тың идеялар ортаға салынған бұл бастама аудандық білім бөлімі мен «Ұлттық құндылықтар академиясының» арасында жасалған меморандумның іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асты. Аталған білім ошағы ұжымының ұтымды ұйымдастырған шарасына …
Облыстық ардагерлер кеңесі аймағымыздағы ұлттық мүддені қалыптастыру мен саяси тұрақтылықты сақтау, қарт адамдардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуды қамтамасыз етуде зор үлес қосуда. Аймақта ардагерлер ұйымының беделін көтеруде қазыналы қариялардың белсенділігінің алатын орны ерекше екені белгілі. Осыдан бір апта бұрын Алматы облыстық және Қарасай аудандық ардагерлер кеңестерінің ұйымдастыруымен «Атадан қалған асыл …
Егемендік туралы Декларация қабылданып, Қазақстанның тәуелсіздікке алғашқы қадамы жасалынған Республика күні – мемлекетіміз бен қоғамымыз үшін мән-маңызы бар айрықша мереке. Айтулы ұлттық мейрам 25 қазан күні Қарасай жерінде салтанатты түрде аталып өтілді. Аудандық Мәдениет үйінің алаңында ұйымдастырылған шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Жасұлан Естенов ұлттық құндылықты дәріптеуге арналған көрмені тамашалады. Одан кейін ресми бөлімге кезек …
Республика күнінің қарсаңында Қарасай жерінде ауқымды шаралар атқарылып, жағымды жаңалықтардың легі аз болмады. Солардың бірі ретінде аптаның алғашқы күнінде Жандосов ауылдық округіне қарасты Шалқар ауылында оқушыларға арналған Өнер мектебінің ашылғанын айтуға болады. Балаларға арналған өнер ордасының ашылу салтанатына Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов арнайы қатысып, ата-аналарға, оқушыларға ізгі тілегін арнады. Сондай-ақ аудан басшысы игі шараға …
В преддверии Дня Республики в городе Каскелен, в SDU, состоялось открытие современного комплекса спорта и культуры, в строительство которого было вложено частных инвестиций на сумму порядка 2,5 млрд. тенге. Одновременно в нем могут заниматься спортом и проводить свой досуг порядка полторы тысячи студентов. В торжественной церемонии принял участие аким Алматинской области Марат Султангазиев. Открывая торжество, …
Ел мерейін асырған Республика күнінің қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамуына өлшеусіз үлес қосып, қоғамдағы белсенді қызметі үшін еңбектері еленген азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Мереке аясында құрметке бөленгендердің ішінде түрлі саланың өкілдері бар. Ал осындай маңызды марапатқа ие болғандардың қатарында қарасайлықтардың да бар екенін қуанышпен жеткізгіміз келеді. Қонаев қаласының Мәдениет …
2023 жылдың 23 қазанында ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің шекарашылар сапын жаңадан толықтырған 600-ге тарта сарбазына арналған ант қабылдау рәсімі өтті. Аталған департаментке қарасты Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының Ақжар ықшамауданында орналасқан кәсіптік-техникалық және дайындық бөлімінде өткен салтанатты шараға сарбаздардың ата-аналары мен туыстары, достары қатысу үшін алыстан ат арылтып жетті. Сондай-ақ, Отан қорғаушыларымыздың …