Адамның рухани жетілуі жолында діннің атқаратын айшықты рөлі бар. Алайда,дщоның айналасында пайымсыз пікірлер мен санаға жетпей жататын түсініктердің қатары аз емес. Дін – адамгершіліктің, ізгіліктің жолын нұсқаушы дейміз-ау, дегенмен де қазіргі қоғамда оған қатысты теріс тұжырымдардың арқасында адасушылықтар да кездесіп жатады. Соған орай, елімізде облыстық, аудандық көлемде оның алдын алуына байланысты іс-шаралар жүзеге асып келеді. …
Жылдың әр мезгіліне қарай саудалайтын тауары өзгеріп, оны көше бойында ретсіз сататын заңсыз кәсіп жүргізетіндермен күрес жалғасып келеді. Осы ретте, аудан әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаев бастаған комиссия құрамымен жүргізілген екі күндік рейд нәтижесінде 10-нан астам заңсыз сауда орындарына тиісті жаза қолданылды. Жоғары трасса бойымен жүрген тексеріс Шамалған ауылы бағытында, Қаскелең қаласының шыға берісіндегі айналма жолда …
Ауданымыз бойынша шілденің 17-сінен бастап табысы төмен отбасыларды несиелендіруге арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске асырыла бастады. Бағдарламаға сәйкес, 4 немесе одан да көп баласы бар көпбалалы отбасы, толық емес және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы санаттары бойынша тұрғын үй кезегіне тіркелген азаматтар баспанаға ие бола алады. Осыған орай, жоғарыда көрсетілген санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтар …
Мемлекеттік органдар басшыларының ашықтығы мен қолжетімділігі – азаматтардың сенімділігінің кепілі. Және бұл қағиданы барлығы ұстануға тиіс. Осыған байланысты, жобаның жетекшісі, облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуалиев «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің алаңында тұрақты негізде азаматтарды қабылдайды. Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде облыс тұрғындарымен кезекті кездесу өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облыстық өңірлік коммуникация қызметіне …
Биылғы жыл басынан бері Алматы облыстық жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілдерімен 332 алдын алу және түсіндіру шаралары өткізілген. Сонымен бірге мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 623 жеке консультативті көмек көрсетіліп, заңдық кеңес алуға келген 513 азамат арнайы жеке қабылдауда болған. Бұл туралы Талдықорған қаласында «Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі уәкіл институты» тақырыбында …
Ауданымызға қарасты Елтай ауылдық округінде 2017 жылы, Индустрияландыру күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей эфир арқылы және Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың арнайы қатысуымен, машина жасау зауыты ашылғаны баршаңызға белгілі. Тіпті, сол уақыттарда аталмыш кәсіпорын 200-дей адамды бірден жұмыспен қамтыған еді. Түрлі металл құрастырмаларын жасап шығаратын өндірістік орта қазіргі таңда «Қарасай машина өңдеу зауыты» деген …
Расположенный в селе Шамалган историко-культурный центр «Атамекен» является местом проведения многих мероприятий. На сей раз он стал диалоговой площадкой для представителей неправительственных организаций области – участников семинара-практикума, прошедшего в рамках реализации программы «Рухани жаңғыру». Его организаторами выступили областное управление внутренней политики, а также центр социальных услуг для общественных организаций «Social center» и региональная служба коммуникаций …
Бүгінгі таңда аудан әкімдігіне тұрғындар атынан қала маңына қатынайтын жолаушылар мен жүк тасымалдау маршруттарының, яғни, қоғамдық көліктердің тапшылығына байланысты көптеген арыз-шағымдар келіп түсуде. Аталған мәселеге байланысты Қарасай ауданының әкімдігі ҚР инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурызда бекіткен «Жолаушылар мен багажды тасымалдау туралы» ережесіне сәйкес қоғамдық көліктің халықтың талабына сай жүруін қамтамасыз …
Өткен аптаның сенбі күні Қаскелеңдегі орталық «Жер-Ана» базарының аумағында балалардың церебралды салдануы диагнозымен (ДЦП) сырқаттанған Алишер Абдрахмановтың еміне көмек көрсету арналған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. 2010 жылы мамыр айында өмірге келген Алишердің денсаулығынан 40 күнге дейін де, құрсақта жатқанында да ешқандай кінарат байқалмаған. Бірақ, анасы Тудангүлдің айтуынша, уақыт өте келе жылауы жиілеген соң медицина қызметкерлердің көмегіне …
Аудан мәдениетінің өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген Қалбибі Абдуллаеваның өнерлі де жігерлі жас таланттарды шыңдайтын «Қалбибі» өнер студиясының шәкірті, жақында ғана «Шығыс раушаны» мен «Бозторғай» халықаралық байқауларынан жүлделі оралған Нұрлыбек Сапарбай тағы да бір қомақты жеңісті қанжығасына байлады. Кішкентай кезінен өнерді серік етіп, қазіргі таңда ауданымыздың атын тек республикалық емес, сондай-ақ, халықаралық дәрежеде шығарып жүрген …