Өткен аптаның жұмасында тұғыры биік Тәуелсіздікке 27 жыл толуына байланысты аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын ұйымдастырылды. Оған аудан әкімі Жандарбек Далабаев арнайы қатысып, жиналған қалың көпшілікті егемен еліміздің елеулі мейрамымен құттықтады. Алдымен кеш шымылдығы азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың кезінен зайырлы мемлекет атанғанға дейінгі кезеңдерді бейнелеген әсерлі сахналық көрініспен ашылды. Мұнан кейін, мінбеге көтерілген Жандарбек Ермекұлы: – …
бір басынан табылатын қадірлі қария Жақында Береке ауылындағы М. Бейсебаев атындағы орта мектепте осы білім ұясын ұзақ уақыттар бойы абыроймен басқарған, бүкіл саналы ғұмырын ұстаздыққа – адам тәрбиесіне арнаған, еңбек ардагері, ел ағасы Калида Сәлімжанұлы Қосшығұловтың 80 жасқа толуына арналған тамаша тағылымды салтанатты кеш болып өтті. Оның барысында алдымен ортаға мерейтой иесінің өзі шақырылып, ол …
Сол бір жылдың желтоқсаны … Иә! Осы айда азаттық үшін арпалыста талай жалынды жігіттер мен өр намысты қызғалдақтарымыз қыршын кетті. Оларға қыстың қақаған аязынан гөрі Кеңес билігінің соққысы жанға батты. Сонда да қайтпас қайсар мінездерімен ерлікті ту етіп, «Менің Қазақстаным» деп ән шырқап, тәуелсіздік үшін аянбай жанын берді. «Қазақстанға – қазақ басшы!» деген ұранмен Алаңға …
Қазақстанның Тәуелсіз, егемен ел ретінде танылғанына, міне, 27 жыл толып отыр.Осындай үлкен мерекені біздің мектеп ұжымы да кеңінен атап өтті. Яғни, «Тәуелсіздік – таң нұры!» тақырыбында салтанатты мерекелік кеш ұйымдастырылды.Кешті мектебіміздің директоры Г.Абылғазиева ашып беріп, мұғалімдер мен оқушыларды атаулы мерекемен құттықтады. Ал, жалпы, іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Майра Серикова, 9 сынып жетекшілері З.Божимова, …
Осыдан жиырма жеті жыл бұрын, атап айтқанда, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланды. Осылайша халқымыз сандаған ғасырлар бойы аңсаған, армандаған бостандығына қол жеткізді.Содан бері азат ел атанып, алғы күндерге қарай қарышты қадаммен басып келеміз. Осы тәу етер тәуелсіздігіміздің басында әлемдік деңгейдегі тұлға Нұрсұлтан Назарбаев тұрды. Тұңғыш Президентіміз әлі күнге дейін тәуелсіз мемлекетімізді байыпты …
Желтоқсан желі тоңдырды мені, Тоңдырды сені ызғары, – деген ән жолдарының арқауына айналған 16 желтоқсан ата-бабаларымыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа бір биік белеске көтерген күн. Иә, Тәуелсіздік күні ең алғаш 1991 жылы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған конституциялық заңнан бастау алды. Тәуелсіздік 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінде Алаңға шыққан жастардың күш-қайраты мен ерік-жігерінің арқасы, …
Жуырда, Тәуелсіздік күніне орай, Алматы облыстық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері Қаскелең қаласында «Бір команда, бір мақсат» атты спорттық ойындардан жарыс өткізді. Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Жамбыл, Іле, Талдықорған-нан келген кіл мықтылар жиналған сайыста олар волейбол, кір тасын көтеру, шахмат, дойбы тоғызқұмалақ, арқан тартыс сияқты спорт түрлерінен сынға түсті. – «Дені саудың- жаны сау» деп …
Елімізде әйелдер мен қыздарды зорлық пен зомбылықтан, тұрмыстық зорлықтан құтқаруға арналған «Әйелдерге қарсы зорлық пен зомбылықсыз 16 күн» деп аталатын науқан басталды. Бұл науқанға Қарасай аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы да үн қосып, іс-шара өткізді. Аудандық «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында әйелдерге көрсетілетін зорлық пен зомбылыққа қарсы халықаралық күнге орай, өткізіліп отырған …
Жақында аудандық орталық кітапханада аудандық ардагерлер кеңесінің мәжілісі болды. Ел өміріндегі маңызды мәселелерге арналған аталған бас қосуды аудандық қоғамдық Кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов ашып жүргізіп отырды. Мәжілісте алдымен Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы», оның ішінде «7-20-25» бағдарламасы талқыланып, бұл жөнінде Сағат Ұлтарақұлының өзі баяндама жасады. – «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» …
Біздің егемен еліміз – Қазақстан әртүрлі конфессиялар мен дін өкілдері бейбіт қатар өмір сүретін демократиялық мемлекет. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съезі тұрақты өткізіліп келеді. Бұл маңызды мәселе жөнінде біз өзге жұрттарға әрдайым өнеге көрсетіп жүрміз. Жалпы, еліміздегі діни тұрақтылықтың, бейбітшіліктің, ынтымақтың артында үлкен жұмыстар тұрғанын …