Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарих бетіне өзінің қанды ізін қалдырған қайғылы кезеңдерінің бірі. Он жылға жуық уақытқа созылған бұл сұрапыл соғыста Қазақстаннан 22269 жауынгер интернационалдық міндетін атқарған болатын. Олардың 924-і ерлікпен қаза болса, 21 адам хабар-ошарсыз кетті. Мыңдаған жігіт елге мүгедек болып оралды. Көптеген қазақ отбасына қасірет әкелген Ауғанстандағы соғыс біз үшін осылай …
Округ әкімі Ержас Тоқтасыновпен сұхбат – Ержас Серғазыұлы, Шамалған ауылын республикамыздың барлық аймағындағылар да біледі десек, артық айтқандық емес. Өйткені, бұл елді мекен бүкіл ел-жұртқа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған жері ретінде мәлім. Сол үшін де үнемі көпшілікке ерекше көрінеді. – Дұрыс айтасыз. Тәу етер тәуелсіздігіміздің басында тұрып, егемен елімізді дамудың даңғыл …
Елдің әлеуметтік экономикасының тұрақты дамуы, әрине, алдымен халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруымен сипатталатыны, айтпасақ та белгілі. Ал, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бұл тұрғыда үнемі жүйелі жобаларын атап көрсететін жыл сайынғы Жолдауларын да халыққа арнап келеді. Өткен жылдың 5 қазанында «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауында да байыпты бастамаларын Үкіметке тапсырған еді. Соның …
Өткен аптаның сенбі күнінде, Қаскелең қаласындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде, аудандық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің арасында спартакиада өтті. Қарасай ауданының 90 жылдығына орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған, «Өзгерісті өзіңнен баста» деп аталған жарысқа он командадан тұратын 120 адам қатысты. Спартакиаданы аудан әкімі Жандарбек Далабаев ашып, мұның ауданның 90 жылдығына арналып өткізіліп отырған ең …
Халық наразылығы мен өтініші кез келген басшыны алаңдататыны сөзсіз. Олай деуімізге негіз болып отырған аудан әкімінің Қаскелең қаласы тұрғындарымен болған есептік кездесуінде тұрғындар тарапынан көтерілген қала ішіндегі қоғамдық көлікке қатысты біраз мәселелерді айтуға болады. Аталған сауалдарды ескерген шаһар басшысы Асқар Мұқашев аптаның екінші күнінде «Қаскелең автобус паркі» ЖШС-не қарасты қоғамдық көліктердің жүру кестесін бақылап, олардың …
Халық табысының артуы әрине, күнкөріс деңгейіне әсер ететіні белгілі. Табыс дегенде алдымен еңбеккерлердің жалақы мөлшері ойға еріксіз оралады. Ал, нарықтық заманда қалталы болу ақшаға деген тәуелділікті жеңілдетіп, тұрмыс сапасын жақсартуға септігі мол екенін аңғарамыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің орнықты дамуын ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Қашанда ұтымды ойлар мен жаңғыру жолында басымды бастамаларды да ұсынып …
Осы аптадағы сәрсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында актив жиналысы өткізіліп, оның барысында Қарасай ауданының жаңа прокуроры таныстырылды. Жиналысты аудан әкімі Жандарбек Далабаев ашып, прокуратура сияқты қадағалау орган жұмысының маңызы жайында атап айтты. Келесі кезекте Алматы облысының прокуроры Азамат Сембайұлы Жылқыбаев сөйлеп, ауданға прокурор болып тағайындалған Ғалымжан Шералыұлы Сәрсеновты көпшілікке таныстырды, оның өмір жолы мен …
Аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың қорытынды есепті кездесуі аудандық мәдениет үйінде өтті. Жиынды аудандық мәслихаттың хатшысы Айтбай Көшкімбаев ашып, жүргізіп отырды. Сонымен қатар, жиынға облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Башбаев қатысты. Алдымен Жандарбек Ермекұлы фойэге қойылған ауданның экономикалық жетістіктері көрмесін, ондағы кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдерін аралап көрді. Сонымен қатар, аудандағы өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, білім, денсаулық және басқа …
Отчетная встреча акима района Жандарбека Далабаева с жителями Умтылского сельского округа по традиции проходила в селе Алмалыбак, в конференцзале КазНИИ земледелия и растениеводства. В ней также принял участие заместитель руководителя областного управления архитектуры и градостроительства Кобылан Манапов. Открыл и вел ее секретарь районного маслихата Айтбай Кошкимбаев. В ходе встречи довольно активную позицию проявили уважаемые аксакалы. …
Ауданымыздың экономикалық деңгейі өткен жылы едәуір көтерілгенімен, әр ауылдық округте шешімін күткен әлеуметтік мәселелер әлі де бар. Олардың оңды шешімі табылуы үшін уақыт пен қаржының маңызы өте зор. Осындай сан сауалдардың біразын талқылау үшін аудан әкімі Жандарбек Далабаев бір апта бұрын кезекті есептік кездесуін Райымбек ауылдық округінде өткізді. Аталмыш жиын осы округке қарасты Абай ауылының …