Біздің бүгінгі кейіпкеріміздің бойындағы барлық адами асыл қасиеттері аналық ыстық сезімімен, ақ әжелік мейірімімен толығымен тоғысып, ұстаздық ұлы ұлағатыменен де, тәлім-тәрбиелік өрісті өнегесіменен де әдемі жарасым тапқан. Сонымен қатар, аудандық әжелер алқасының төрайымы ретінде орнықты отбасылық өмірге, ұлттық салт-дәстүрге қатысты жүргізген жүйелі жұмыстары ел-жұрттың ерекше көңілінен шығып, орамды ойлары әрбір адал ниетті адамның жүрегіне жылы …
Ана тілінің қадір-қасиетін жете түсініп, оның әдемі иірімдерін таныту өркениетті елдерге тән құбылыс. Өз тілін, дінін, салт-санасын қадірлемеген адам толық зиялы бола алмайтыны хақ. Осы ретте облыс бойынша Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңының талаптарына сәйкес рәсімделуін, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз ету мақсатында «Тіл тазалығын сақтайық» акциясы өтуде. Маусым-тамыз аралығын қамтитын шараның қорытындысы …
Осыдан бір апта бұрын республикалық көлемдегі «Бірге – таза Қазақстан!» акциясын қолдауға арналған аудандық жастар ресурстық орталығы «Көрікті, көркем қалам» атты шара ұйымдастырды. Аталған шараның негізгі мақсаты – жастарды туған жерін аялап, тұрғылықты жерін ластамай, қаланы таза ұстауға шақыру. Аудандық Мәдениет үйінің алдындағы Жастар саябағында өткен жиынның бағдарламасы түрлі бағытты қамтыды. Алдымен әдемі әуеннің ырғағына …
Кеше аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында аудан басшысы Жандарбек Далабаев тұрғындарды қабылдады. Бұл басқосуға келген азаматтардың жеке мәселелері әртүрлі бағытта болды. Көп тұрғындардың өтініші жер мәселесіне қатысты еді. Бұдан бөлек олардың ішінде су және жарыққа қатысты сұрақтармен келген адамдар да өздерінің өтініштерін аудан басшысына жеткізіп, алған жауаптарына қанағаттанды. Нақтырақ айта кететін болсақ, қабылдауға келген Іргелі …
Қазақтың Бас ақыны, адамзаттың Абайын танымайтын қазақ жоқ шығар. Тіпті, әлем әдебиетінде де ұлы қаламгердің есімі мен шоқтығы биік шығармалары өз алдында бір төбе. Бүгінде дана ойшыл Абайдың қалдырған өнегелі, өшпес туындылары ұрпақтан ұрпаққа әдеби мұра ретінде жалғасып, насихатталып келеді. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 30 мамырда ұлы Абайдың 175 жылдығын мерекелеу туралы Жарлыққа …
Бүгінгі күні бір баланың өзін мектепке дайындау ата-анаға әжептеуір салмақ түсіретіне анық. Ал, отбасында бірнеше бала болса ше? Әлбетте, мұндай жағдайда әке-шеше барлық баласын бірдей жаңа оқу жылына сақадай сай етіп даярлай алмасы анық. Бұдан басқа да әлеуметтік көмекті қажет ететін тұрмысы төмен отбасы мен жетім, жартылай жетім жеткіншектер бар. Оларға да көпшілк болып көмек …
Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында аз қамтылған және көп балалы отбасынынан шыққан 525 балаға киім-кешектер таралтылды, деп хабарлайды Алматы облыстық коммуникациялар қызметі. Талдықорған қаласының әкімдігі мен «Niyet Charitable Foundation» қоғамдық қорының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Бұл меморандумда аталған қоғамдық қордың көмегімен Талдықорған қаласының аумағындағы аз қамтылған, мүгедек, жетім және көп балалы отбасылардан …
Елдің әлеуметтік-экономикалық даму барысында адам өміріне жағдай жасап, халықтың әл-ауқатының жақсаруына үлкен үлес қосатындар – құрылысшылар. Құрылысшылар қолының іздері мыңдаған тұрғын үйлер мен түрлі ғимараттарда, мектептер мен аурухана да, емханаларда, балабақшаларда сайрап жатыр. Сондықтан бұл еліміздегі ең қажетті мамандықтың бірі. Иә, олардың қажырлы еңбегі әрқашанда құрметке лайық. Осы орайда, олардың кәсіби мерекелері қарсаңында аймақтағы нысандардың …
Самая главная ценность жительницы села Каргалы Жамбылского района Натальи Дюлай – семья и дети. Но при этом она хорошо понимает, что сама обязана о них заботиться, что государство лишь может оказать поддержку. И потому не обивает пороги казенных учреждений, а, занимаясь самообразованием, покоряет новые для себя высоты. Интересно то, что родилась она в селе Самсы …
1930 жылдан бері бастау алған Әуе десанты әскері мерекесі жыл сайын 2 тамызда аталып өтіліп келеді. Негізінде, бұл айтулы күн күнтізбемізде айрықша белігіленбеген. Алайда, қазіргі таңда кеңестік дәуірде әскери борышын өтегендер бұл мерекені жылда ұмыт қалдырмай, өз араларында атап өтуді дәстүрге айналдырған. Осыдан бір апта бұрын өткен Әуе десанты әскері мерекесі біздің ауданымызда да өз …