Қарасай ауданының ғана емес, жер жәннаты – Жетісу жерінің де мақтанышына айналған, ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) елдерінде баламасы жоқ музей өз атын абыроймен арқалап жүр. Қазіргі таңда тарихи орталық тек естелік экспонаттардан тұратын сөрелі орда емес, түрлі жиындар жиі өтетін, қанатын кеңге жайған мәдени ошаққа айналған. Дәл 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай аталмыш …
Кешегі күндей күркіреп өткен Ұлы Отан соғысына қатысып, қан майданның қақ ортасында жүрген қарасайлықтардың қатарында марқұм Шәлімбеов Әмірқұл атамыз да болған-ды. Иә, ол кісі сонау жан беріп, жан алысқан аса ауыр айқастарда, ер етігімен су кешіп, ат ауыздығымен су ішкен қиын-қыстау күндерде кешегі ортақ Отанымыз – Кеңес одағын басып алмақ болған арам ниетті неміс-фашистерімен батырлықпен …
Солдаты Победы… Редеют их ряды. В прошлом году в нашем районе коротали свой век восемь ветеранов Великой Отечественной войны. Причем, жизнь одного из них – Павла Павловича Бутина оборвалась буквально за сутки до Дня Победы. В этом году из ветеранов остались всего трое. Это Иса Керимтаев, Чайке Идрисов и Павел Половой. Первый проживает в селе …
Қарасай ауданы бойынша қазір үш Ұлы Отан соғысының ардагері Жеңістің 76 жылдығына аман-есен жетіп отыр. Солардың бірі – Ыдырысов Чайке қария. Бір қызығы, Қаскелең ауданындағы (қазіргі Қарасай) Еңбекші ауылында дүниеге келген ардагер атамыз осы жерден майданға аттанып, соғыстан кейін де туған жеріне қайта оралыпты. – Бастапқыда біздің отбасымыз өте жақсы тұрған болатын, – деп еске …
Адамзат тарихындағы ең қасіретті майдандардың бірі – Ұлы Отан соғысы. Бейбіт заманның тыныштығын бұзған бұл қарулы шайқастың жеңісі оңайшылықпен келмеді. Қаншама батырлар құрбан болды! Сәбилер әкесіз қалып, ерін зарыға күткен жұбайлар жесір қалды. Алаңдаумен өткен аяулы аналарымыз ұлдарын жоқтады. Бұл алапат кезең еш ұмытылмайды. Осы бір соғыс жылдарында жауынгерлерді киім-кешекпен, азық-түлікпен, қару-жарақ сияқты қажетті заттармен …
Қырғауылды ауылында тұратын соғыс ардагері Керімтаев Иса атаның биылғы 1 қаңтарда жүз жасқа толғаны туралы бұрын өзіміздің газетімізде жазғанбыз. 1942 жылы қолына қару алып, ел мен жерді жаудан қорғауға аттанған жас жігіт талай жорық жолдарынан өтіп, оның керзі етігінің ізі Украина мен Белоруссия жерінде, Минск, Гродно, Вильнюс, Каунас қалаларының көшесінде қалды… Үнемі өліммен бетпе-бет келіп, …
Ауданымыздың белсенді жастарының көмегімен, Алмалыбақ ауылдық округіне қарасты Қазақ егіншік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жерінде, 60 га майбұршақ дақылы (соя) себілді. Өткен жылы еліміздегі ауыл шаруашылығын дамыта отырып, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында облыс әкімі Амандық Ғаббасұлының 2019 жылғы хаттамалық шешіміне сәйкес, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың …
По доброй традиции в честь Дня Победы был организован и велопробег «Алматы – Каскелен». Несколько лет назад одним из его инициаторов выступил акционер АО «Алматыгазсервис-Холдинг» Болат Умралиев, поддержали которого многие представители велосообщества города Алматы и Алматинской области. На этот раз в нем приняли участие сам Болат Абенович, а также велогонщики профессиональной команды «Astana ProTeam», участники …
Отан үшін от кешіп, жеңіс туын желбіреткен қайсар жүректі азаматтардың қатарында қарасайлық батырлардың да бар екені белгілі. Өкінішке орай, жыл өткен сайын ардақты ардагерлердің қатары сиреп барады. Ортамызда үш қана майдангер қалса, соның бірі – Иса Керімтаев. Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Алматы облысының мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев қарт майдангердің үйіне арнайы барып, құрмет көрсетті. …
В День Победы заместитель акима района Айжан Нурдильдакызы навестила проживающего в Каскелене Солдата Победы Павла Полового. Поинтересовавшись о самочувствии ветерана, она вручила ему именную поздравительную открытку от имени акима области Амандыка Баталова, а также поздравила от имени акима района Жандарбека Далабаева. Стоит отметить, что родом Павел Игнатьевич из Северо-Казахстанской области. На фронт призвали его в …