Азаттық – ата-бабаларымыздың көптен көксеген асыл арманы. Биылғы жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өткелі отырған Қазақ елі бұл күндері төрткүл дүниеге танымал. Мемлекетіміз ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар, іргелі бағдарламалар қабылдап, солардың бәрін сәтті жүзеге асырып келеді. Тарих үшін соншалықты көп уақыт болмаса да, осы жылдар ішінде ғасырларға бергісіз қыруар істер атқарылды. Экономикалық-әлеуметтік, саяси, қауіпсіздік мәселелерінде, …
Балалардың мерейлі мерекесі қарсаңында «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева ауданымызға арнайы келіп, Қаскелеңде орналасқан ерекше тәрбилеуді қажет ететін балаларға арналған білім нысандарын аралады. Облыстық партия төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Қожағұлқызы алдымен «Rakhym» мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау орталығының жұмыс барысымен танысты. Партия өкілімен бірге аталмыш білім мекемесіне Алматы облысының жұмыспен …
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесі күнінде Қарасай аудандық жастар ресурстық орталығы аудандық Кәсіпкерлік бөлімімен және Полиция басқармасы ювеналдық полиция тобымен бірігіп, «Бақытты балалық шақ» акциясын өткізді. Игі шараның аясында аудан жастары мерейлік мерекенің маңызды-лығын дәріптеп, кішкентай қарасайлықтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Олар Қаскелеңдегі «JAǴALAÝ» балалар алаңында және тұрғын үй кешендерінің аумағында ойнап жүрген бүлдіршіндерге …
«Қазақстанда әркім маңызды!» деген ұранмен ұлттық халық санағы өткізіледі.Қазақстан Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына сәйкес, 2021 жылғы халық санағы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі кезең аралығында өтеді. Ұлттық халық санағы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі осы жылы маусым айының 1-і мен 30-ы аралығында өтеді. Бұл кезде интервьюерлер тұрғындардың нақты санын анықтау мақсатында …
Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Осыған орай танымал ақын, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ауыт Мұқибек пікір білдіріп, сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» деп жазу өте дұрыс бастама екенін айтады. Ол бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. – Жалпы, реформаның қарапайым …
Жақында Ақжолова апамыздың қызы Света Айткелдіқызына телефон соқтым. Ол биология ғылымының докторы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, бірнеше аса қажетті микробиологиялық дәрілердің авторы. – Апамның халі қалай? Жүз жасқа аман-сау жетті. Құтты болсын! Не істеп жатырсыңдар? – деп қарындасыма сұрақты қоя бастадым. Ханымбүбі Ақжолова апам күнде дене шынықтыруын жасап, диета бойынша тамағын ішіп, газет-журнал оқып, радио тыңдап, …
Жақында аудан әкімінің орынбасары Айжан Нұрділдәқызының төрағалығымен, сондай-ақ, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелерінің қатысуымен Қарасай ауданының аумағында орналасқан сәтсіз отбасылардың тұрмыстық жағдайын тексеру үшін көшпелі отырыс ұйымдастырылды. Заң аясында тиісті ақпараттар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тексеру жұмысы барысында сәтсіз отбасылардағы кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау мақсатында өз …
«Бала тілі – бал», «Өнерлі бала өрге жүзер», «Адам болатын бала алысқа қарайды»… Айта берсек, бала туралы мақал-мәтелдер өте көп. Ата-бабамыз бұндай сөздерді бекер айтпағандығын да байқап жатамыз. Бала дарынды, өнерлі, талантты және жан-жақты болса, оған да таңқалмасқа болмас. Сондай жас таланттардың бірі – Қаскелең қаласының кішкентай ғана тұрғыны, «Брусничка» балабақшасының тәрбиеленушісі Ақелік Есенәлі туралы …
Еліміз егемендікке қол жеткізіп, азаттығымыз айқындалған соң әр салада талай өзгерістер орын алғаны белгілі. 30 жылдың ішінде Қазақстан әлемнің алпауыт мемлекеттерімен иық тірестіріп, даму сатысында келе жатыр. Сол бір Тәуелсіздік алған жылдардан бері қазығын нықтап қаққан бірқатар мекеме әлі күнге дейін ел игілі жолында қызмет етіп келеді. Олардың біразы біздің ауданда да іргетасын қалады. Солардың …
Среди тех, кто пережил репрессии, и жительница Каскелена Нарханым Мамедова – в девичестве Рамаданова. В ноябре 1944 года вместе с другими родственниками ее депортировали из села Алджуа Аспинзинского района Грузии. Это было тяжелое время. Многие погибли, но она и ее родные смогли благополучно добраться до Казахстана, который стал для них второй Родиной. – С одной …