Күні кеше Талдықорған қаласында референдум өткізудің өзекті мәселелері бойынша ҚР Парламенті Сенатының депутаты Лаззат Сүлейменмен және қоғам қайраткері Елена Тарасенкомен кездесу өтті. Бұл жиынға қоғамдық бірлестіктердің, белсенді үкіметтік емес ұйымдардың басшылыры мен ардагерлер, аналар, іскер әйелдер кеңестерінің, ата-аналар комитеттерінің төрағалары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаттары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. …
Ағымдағы жылдың 26 мамырынан Қазақстанда білім сапасын арттыру және пандемия кезіндегі білім олқылықтарын толтыру мақсатында жазғы мектеп басталды. Балалар небәрі 16 күн оқиды. Аудандық білім бөлімінің берген мәліметінше, оқушылар тек ата-анасының келісімімен ғана сабаққа қатыса алады. Яғни, жазғы мектептегі сабақ міндетті емес. Жазғы мектеп 9 және 11 сыныптардан басқа барлық оқушылар үшін жұмыс істейтін болады. …
В казахстанских школах вводится целый ряд новшеств. Касаются они единовременных денежных выплат победителям международных олимпиад; установки табличек с QR-кодом по защите прав детей; введения трудового обучения с первого класса, а также штатных педагогов-профоориентаторов с седьмого класса. Ближе к новому учебному году эти нововведения коснутся и школ нашего района. Об этом мы попросили рассказать заместителя руководителя …
Қазақстан мектептерінің тәжірибесінде «менторинг» ұғымы жас мамандармен жұмыс аспектісінде біраз уақыттан бері қолданылып келеді. Ал Қарасай ауданындағы Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясында өткен жылдан бастап менторингті жаңа бағыттарда қолға алған болатын. Өткен аптаның сенбісінде аталған білім ордасының ұжымы Алатау баурайында орналасқан «Аul RESORT» демалыс орталығында «Тәлімгерлік – заманауи мектептегі коммуникацияның жаңа дизайны» атты ауқымды педагогикалық идеялар …
Бұл кісі өзін қатал, талапшыл басшылардың қатарына жатқызады. Алайда, онымен тілдесе қалсаңыз көңіліңіз бірден жадырап, езуіңізге еріксіз күлкі үйіріледі. Өзі талай жас өнерпаздың жарқын болашағына жақсы жол сілтеп жүргенімен, оны сахнада жиі көре бермейсіз. Өйткені, ол ауданның қандай қоғамдық-мәдени шарасы болса да мінсіз өтуі үшін әбігерге түсіп, үлкен жауапкершілікті арқалап сыртындағы қауырт дайындықтың ішінде жүреді. …
Кеше аудан әкімі Жандарбек Далабаев жоспарға сай аудан тұрғындарының жеке өтініш-тілектері бойынша кезекті қоғамдық қабылдау өткізіп, 30 жуық қарасайлықтың мұң-мұқтажын тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Барлық бөлім басшылары қатысқан жиында тұрғындар, негізінен, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, жер алу, көшелердегі жол мен жарықтың жоқтығы, атаулы әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу және басқа да мәселелер бойынша өтініштерін білдірді. …
Трудности проживания в дачных массивах связаны с тем, что поскольку большая их часть не входит в состав населенных пунктов, многие насущные проблемы жителям приходится решать самим. Но бывают и такие ситуации, когда без помощи руководства района просто не обойтись. В таком положении оказались члены ПК СТ «Автомобилист», расположенного на территории Шамалганского сельского округа. Со слов …
Ұтымды сөз айтуға қолданатын, орамды ойды білдіретін мақал-мәтелдің қазақ әдебиетінде алар орны ерекше. Сондықтан осындай нақыл сөздің мағынасын жете түсіну арқылы ұлттық құндылығымызды насихаттаймыз. Осы бағытты мақсат еткен Қарасай аудандық тарихи өлкетану музейінің директоры Серік Қалиев мақал-айтысты дәріптеуден жалыққан емес. Орайы келсе ұтымды ұйымдастырудың ретін табатын ақын ағамыз биыл тағы да қарасайлық оқушылар арасында мақалшылар …
Аймақтық Менеджмент академиясы ұйымдастырған халықаралық конференцияларға қатысып, «Педагогикалық ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін» Қаскелең қаласындағы Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының директоры, бірінші санатты көшбасшы-басшы информатика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, педагогика ғылымдарының магистрі, Тұрсын Сайбырова «Ян Амос Коменский атындағы» Алтын медалімен марапатталды. Тұрсын Әділбекқызы аталған наградаға төменде аталған еңбектерінің нәтижесінде лайық деп танылғанын айта кеткен жөн. Атап айтар …
25 мамырда Қарасай аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы болып, онда бірқатар мәселелер қаралды. Басқосуды ашқан кеңес төрағасы Жанат Исағұлов белгіленген күн тәртібінде бірінші болып тұрған «2021 жылға ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және 2022 жылға алға қойылған міндеттер» туралы алғашқы сөзді аудан әкімі Жандарбек Далабаевқа берді. – Аудан Алматы облысы бойынша үнемі алдан көрініп келеді, – деді аудан …