Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Алматы облысы нашақорлыққа қарсы басқармасы және Қарасай ауданы полиция басқармасымен бірлесіп «Антиграффити» акциясы өткізілді.
Мақсаты – Жастар арасында қоғамдық орындарды таза ұстау мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікті арттыру, ғимараттар мен нысандардың сыртқы келбетін бүлдіретін заңсыз жазулардың алдын алу және жастарды қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуға шақыру.
Қарасай ауданында жастардың қатысуымен «Антиграффити» акциясы ұйымдастырылды. Акцияға 30 жуық еріктілер қатысты. Қаскелең қаласындағы Жиделі, Абылайхан, Тәуелсіздікке 10 көшелерінде жүргізілді. Шара барысында қоғамдық орындар мен нысандардың қабырғаларындағы рұқсатсыз жазулар мен суреттерден тазарту жұмыстары жүргізілді. Жастар аумақты ретке келтіріп, қоршаған ортаның тазалығы мен қоғамдық мүлікті ұқыпты сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

