Қарасай ауданында «Оқуға құштар мектеп» жобасын озық үлгіде, оқушылардың ынтасын арттыратындай және ел қызығатындай насихаттап жүрген білім ошақтарының бірі – Мерей ауылындағы А.С.Макаренко атындағы орта мектеп. Жақында аталмыш мекемеде көпке белгілі, талай хит әндердің авторы, сыршыл ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Саринмен кездесу кеші өтті. Гүлбану Бердібекова басшылық ететін мектеп ұжымы ақынды зор …
Отбасындағы әкелер ролін нығайту, бала тәрбиесіндегі үлесін арттыру қоғам үшін аса маңызды. Өйткені, жұмысбастылыққа салынып, отбасы тірлігінен жырақтап, оған қоса, телефонға телміру, әлеуметтік желі, интернет парақшаларды сағаттап ақтару қазіргі проблемалардың біріне айналып бара жатқаны жасырын емес. Иә, расымен бүгінде қоғам ауқымды трансформацияны басынан өткізуде. Осылай жедел өзгеріп жатқан қоғамдағы ер азаматтардың орны мен рөлі, әке …
Кітап дегеніміз – бүгінгі ұрпақтың өздерінен кейінгі өскелең жасқа қалдырған рухани өсиеті. Адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Заман алдыға жылжып, технологиялар қаншалықты дамығанымен әрбір білімді адам үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екені сөзсіз. Осыған байланысты бүгінде кітап оқу мен кітапханаларды қолдау қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін …
Еліміздегі оқуды енді бітіріп, жұмысқа орналаса алмай жүрген жас мамандардың мәселесін шешу үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігі республика бойынша барлық техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында «Жұмыс беруші күні» іс-шарасын өткізуді бекіткен болатын. Осыған орай, өткен аптада ауданымыздағы С. Жандосов атындағы Қаскелен-кәсіптік техникалық колледжі ауданға қарасты мекеме басшылары мен жұмыс беруші жеке кәсіпкерлердің …
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Еліміздің ежелден аңсаған азаттығына қол жеткізіп, қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының қайта жаңғыруы, Мемлекеттік рәміздердің бекітілуі болашақ дамуға бет алған егемен еліміз үшін ерекше құбылыс. Сондықтан Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – әрбір азаматтың қастерлі борышы. …
Қаскелең қаласында заманауи сауда ойын-сауық кешені бой көтереді. Бұл – жай ғана болжам емес нақтылы бекітілген жоспар. Аудан әкімі өңірде бірнеше инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына қолдау білдіруде. Солардың қатарында жақында бой көтеретін «KARASAY PLAZA» орталығы да бар. Иә, расымен бұл жобаны іске асыру біздің ауданымыз үшін, әсіресе, Қаскелең қаласына өте тиімді болмақ. Біріншіден, 300-ге жуық …
Қарасай ауданында күрделі жөндеуді талап ететін білім ошақтарының бірі – Қаскелең қаласында орналасқан Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп. Іргетасы 1985 жылы қаланған ғимаратта күні бүгінге дейін ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Тозығы жеткен нысан енді, міне, жаңаша үлгіде жаңартылмақ. 2,62 га аумақта орналасқан мекеменің жалпы ауданы 6809 шаршы метрді құрайды. 200-ден астам мұғалім еңбек ететін білім шаңырағында …
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша берілетін несиеге биыл Алматы облысынан 9 аудан үміткер болуда. Оларға бөлінген қаражаттың сомасы – 8,3 млрд 267 млн теңге. Бір апта бұрын дәл осы жобаның шарттары мен ерекшеліктерін түсіндіру үшін ауданымызға «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерал Бейсембаев пен Алматы облыстық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру департаментінің директоры Дияс Шаяхметов …
Нередко на регулярных встречах акима Карасайского района с населением поднимается вопрос о качестве связи и доступности высокоскоростного интернета. В целях его решения аким района Жасулан Естенов и директор развития сети по Казахстану ТОО «BMK Integration Service» Анвар Касымов подписали меморандум о выделении земельных участков для установки 30-40 антенно-мачтовых сооружений (АМС). Этой работой будут охвачены город …
Алматы облысында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласы бойынша 400-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетілді
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Ерлан Қадыров айтты. Ведомствоның бөлім басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау жұмыстары туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. «Қазіргі таңда департамент тарапынан төрт мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның біріншісі — қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау …