Қонаев қаласының тұрғыны Нурбек Орманов дауыс беру учаскесінде Алматы облысының символы — ақ барыс костюмімен келіп, бәрін таң қалдырды. Ол жастарды елдің жарқын болашағы үшін таңдау жасаудың маңыздылығына назар аудартуға тырысты. Костюм оның саяси белсенділігін көрсетудің бір жолы болып табылады. Ақ барыс — күш пен батылдық сынды әр азаматта болуы тиіс қасиеттердің, сонымен қатар өз …
Спорттағы жұлдызды жұп Нұрсұлтан Орынбасаров және Сора Рахмонова Іле ауданы, М.Түймебаев ауылындағы №404 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Нұрсұлтан Орынбасаров-Алматы облыстық мәслихат депутаты,Джиу-джитсудан қара белбеу иегері, Грэпплингтен Азия чемпионы, SAGADAT BATYR спорт клубының негізін қалаушы, Джиу-джитсу, Аралас жекпе-жек спорт түрлерінен халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы, ҚР-ның спорт шебері Сора Рахмонова Қоян-қолтық ұрыстан қазақ қыздары …
Ұйғыр ауданының жастары дауыс беруге шығармашылық тұрғыда қарап, азаматтық белсенділік танытты. Шонжы ауылындағы алаңға бес ұл мен бес қыз ұлттық киіммен келіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Олардың киім таңдауының өзіндік сыры бар. Осылайша жастар Қазақстан халқының бірлігі мен алуан түрлілігін, әрбір азаматтың ел өміріне қатысуының маңыздылығын көрсеткісі келді. Олардың айтуынша, ұлттық киімдер еліміздің бай тарихы мен …
Тұрыспек Доспанбетов қаладағы №949 референдум учаскесінде өз таңдауын жасап, сол жерде қызмет етіп жүрген жандарға, тұрғындарға батасын берді. Қария 1955 жылы Іле ауылында дүниеге келген. Кейіннен Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған. Қапшағай қаласында 17 жыл бойы ішкі істер органдарында қызмет атқарған. Одан бөлек, облыста бірнеше лауазымдарда болған. Ол 2015 жылы Қапшағай қаласының Құрметті азаматы атағын …
Жақында Павлодар облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығында Кереку жерінің танымал ақыны, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, сазгер Асығат Тұрғанбектің 50 жас мерейтойының құрметіне, сондай-ақ ол жетекшілік ететін «Желдірме» ақындар мектебінің 20 жылдығына орай «Ұстаздық еткен жалықпас» атты республикалық оқушылар айтысы өтті. Сүбелі сөздің иесі атанған жас айтыскерлердің өнеріне Мемлекеттік сыйлықтың, «Құрмет» орденінің иегері, ақын Ғалым Жайлыбай, …
Для многих молодых специалистов хорошим подспорьем стала государственная программа «С дипломом – в село», направленная на укрепление кадрового потенциала сельских территорий. В её рамках молодым учителям, врачам, специалистам социальной сферы, агропромышленного комплекса и государственным служащим оказывается социальная поддержка в виде подъемного пособия, а также бюджетного кредита для приобретения или строительства жилья. Все блага этой программы …
Дұрыс таңдай білген адамға мамандықтың жаманы жоқ. Дамып жатқан қазіргі заманда түрлі-түрлі кәсіптің иесі атануға болады. Дегенмен ұлы қызмет деңгейінде мәртебесін ешқашан жоғалтпайтын ұстаз атанудың жолы да, жөні де бөлек. Ұрпақ тәрбиесіне тікелей қатысы бар бұл мамандықтың жүгін арқалап жүру әркімнің қолынан келе бермейді. Алайда жауапкершілікті сезінген мұғалімдердің қатары ешқашан сейілген емес. Тіпті, бір әулет …
Тұмау және өткір респираторлық вирустық инфекциялар халықтың жұқпалы аурушаңдық деңгейіне ең көп үлес қосатын кең таралған жұқпалы аурулардың бірі болып табылады. Жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде тұмау вирустарының және басқа респираторлық вирустардың айналымы белсенді бола бастайды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, елімізде эпидемиологиялық маусым кезінде ЖРВИ-мен жыл сайын 450 мыңға жуық адам аурады. Оның ішінде 284 мыңы (61,4%) …
Елімізде атап өтілетін айтулы мерекелердің әрбірінің мән-маңызы жоғары және дәріптеуге лайықты тұстары көп. Солардың қатарында қыркүйек айының соңғы жексенбісіне белгіленген Еңбек күні мен 1 қазан – Халықаралық қарттар күні бар. Айтулы қос мерекенің аясында атқарылатын іс-шаралар біздің ауданымызда ұмыт қалған жоқ. Еңбексүйгіштіктің үлгісін көрсеткен, ауданның дамуына үлес қосқан жандарға, сондай-ақ ұрпақ тәрбиесіне араласып, қарттығымен қадірі …
Алматы облысының жастарына жеңілдікпен пәтер алу мүмкіндігі қарастырылды. Анығын айтқанда, Алматы облысының әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ бірлесе отырып, осы жылдың 1 қазанынан бастап «Алатау жастары» деп аталатын тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. Ипотекалық тұрғын үй бағдарламаның бірнеше шарты бар: •Несие сомасы 18 миллион теңгеден аспайды; •Бастапқы жарна – 10%; •Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі – …