Қонаев қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік және комплаенс институтын енгізуге арналған форум өтті. Мұндай жиын Алматы облысында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Басқосуда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолындағы үздік тәжірибелер ортаға тасталып, талқыға салынды. Форум жұмысына 250-ге жуық адам, соның ішінде, облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының басшылары мен комплаенс қызметкерлері қатысты. Екі …
Со второго полугодия 2021 года в Казахстане начала свою реализацию программа «Артспорт». Благодаря ей дети в возрасте от четырех до 17 лет смогли бесплатно заниматься спортом и творчеством, развивать свои способности. Успешно реализуется она и в Карасайском районе. В этом смогли убедиться приехавшие из Конаева операторы государственного творческого заказа для финансирования детского творчества Султан Сейтказинов …
Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды. Енді алып мегаполисті жылумен қамтып отырған мекеменің жұмысы жеңілдейді. Оған қоса Алматы облысының екі ауданы үздіксіз газбен қамтылады. Себебі, орталықты газға көшіру жұмысының бірінші кезеңіне «Алматы-Байсерке-Талғар» магистральдық газ құбырларын біріктіретін ТІР-04 жалғастырғыш құбырлары кірді. Айта кетейік, оның жалпы ұзындығы –10 км-ге жуықтайды. Ал өнімділігі …
Кеген ауданындағы Қарқара ауылында тұратын Ізтілеу Нүсіпқожаев – жоғары білімді агроном. Ол былтыр бір айлық кәсіпкерлер оқуын оқып, қолына арнайы сертификат алды. Одан кейін жаңа жұмыс орнын ашу жөнінде бизнес-жобасын жасады. Сол арқылы қолға алған жұмысын облысқа ұсынып, грант иесі болды. Қарқарадай ауылы ежелден қысы қатал, қарсауыт мекен болғандықтан тереңдігі 2,5 жарым метр болатын жер …
Біз сөз еткелі отырған, шәкірттерін білімге баулыған аяулы ұстаз Әлия Халелқызы – Кеген ауданы Бөлексаз ауылының перзенті. Туған жерін тұғыр еткен қарлығаш. Әдемі тау етегіне орналасқан шағын ауылда туып-өскен. Тұлымы желбіреп мектебіне қарай асыға аяңдайтын кішкентай қыз шаңырағының аялаған гүлі, шуақ шашқан күніне айналды. Ұстаздарының айтқанын санасына сіңіріп, берген тапсырмаларын тап-тұйнақтай етіп орындап отыратын сүйкімді …
Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Қазақтың дүниетанымында «ауыл» ұғымының берік орын алғаны да сондықтан. Сол ауылдың ажарлана түсуі мал мен егін шаруашылығының кеңінен өріс алуына да тікелей байланысты. Тау құшағында өмір сүріп жатқан жандардың тірлігіне тыныс беретін – төрт түлік мал. Атамыз қазақтың ықылым заманнан келе жатқан ата кәсібі де мал бағу. Ұрпақтан ұрпаққа мирас …
Жалпы кім болса да, қай облыста тұрса, сол өңірдің төл газетін оқуы керек деп есептеймін. Себебі айналамызда не болып жатқандығынан жан-жақты хабардар болып отыру – бүгінгі күннің талабы. Бұл орайда облыстық басылымның алар орны ерекше екені анық. Газет бетін ақтарып жіберсеңіз, сан-саладағы жаңалықтарға қанығасыз. Онда барлық дерлік сала қамтылады. Облыс экономикасының даму барысынан бастап, қоғамдық …
Халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаев әдеби-мемориалды музейінде «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында ұлтаралық қатынасқа арналған жиын болды. Аудандық «Қоғамдық келісім» мекемесінің бастамасымен, Шолаққарғалы ауылдық округі мен аталған музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен шарада түрлі ұлт өкілдерінің жарасымды тірлігі паш етілді. Кездесуді жүргізу тізгінін қолына алған қоғамдық келісім ұйымының жетекшісі Айман Кенженбаева қазіргі таңда Қазақстандағы ұлттар татулығына барынша көңіл бөлінгені …
Қысы-жазы тыным таппайтын осы бір еңбекқор жанды Ұзынағаштың көшесінен жиі көреміз. Ол – аудандық поштаның тәжірибелі қызметкері Ольга Ділдебаева. Талай жылдан бері үйді-үйге газет-журнал жеткізетін хат-хабар тасушыны ауылдастары «Пошташы Оля» атап кеткен. «Осы салада 1988 жылдан бері еңбек етіп келемін. Газет-журнал таратудың қиыншылығы аз емес. Әртүрлі жағдай кездесіп жатады. Иттен де, адамнан да қорқатын жайттар …
Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылдық округіне қарасты Жаңақұрылыс елді мекенінің тұрғыны Дастан Есенғазиевті бірер ай бұрын тауда жолықтырған едік. Жайлауға жасаған сапарымызда қарсы бағытта екі дөңгелекті көлігімен келе жатқан азамат жанымыздан өтіп кетпей, тоқтап, танымаса да ізет сақтап сәлем берді. Дастан бірнеше жылдан бері атакәсіппен айналысады екен. «Дулат» атты қожалығын құрып, шаруасын дөңгелетіп отырған іскер жан …