Қазақстанның Тәуелсіз, егемен ел ретінде танылғанына, міне, 27 жыл толып отыр.Осындай үлкен мерекені біздің мектеп ұжымы да кеңінен атап өтті. Яғни, «Тәуелсіздік – таң нұры!» тақырыбында салтанатты мерекелік кеш ұйымдастырылды.Кешті мектебіміздің директоры Г.Абылғазиева ашып беріп, мұғалімдер мен оқушыларды атаулы мерекемен құттықтады. Ал, жалпы, іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Майра Серикова, 9 сынып жетекшілері З.Божимова, …
Елбасының «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Ұлан ауылының мектебінде «Дара жол» атты кездесу кеші өтті. Мектептің акт залында оқушылардың қатысуымен болған жиынға қонақ ретінде осы мектептің түлегі, ауданымыздың құрметті азаматы, «Айгүл» ЖШС-нің директоры Серікхан Әділханов шақырылды. Шараға Серікхан Сәметұлының ұстаздары, Жамбыл ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Толынбеков, «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі …
Елімізде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны қарқын алуда. Бүкіл әлем аталмыш күнді биыл 30-шы рет атап өтуде. Ал, Алматы облысында жыл сайын 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған. Ағымдағы жылы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар «Өз мәртебеңді біл!» ұранымен ұйымдастырылуда. ЮНЭЙДС бастамасы бойынша …
Аудандағы спорттық бәсекелердің қатары бұл жолы «1 желтоқсан – Қазақсан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін» атап өтумен де есте қалды. Аптаның алғашқы күнінде Іргелі ауылдық округіне қарасты Кемертоған ауылының орта мектебінде баскетбол спорт түрінен тартысты турнир өткізілді. Іргелі ауылдық округі әкімінің жүлдесін сарапқа салу үшін ауданымызға қарасты бірнеше мектептер жиналып, бас-аяғы 13 команда жарыс алаңын жандандырды. …
Ауданымыздағы мектеп орындарының әрқайсысы өзіндік тарихы мен биік беделімен ерекше. Солардың ішінде бір ғасырлық ғұмыры бар, аудан бойынша ең алғаш салынған білім ордаларының бірі – Әбжан Байсалбаев атындағы орта мектеп. Биыл осы мектептің құрылғанына 100 жыл толып отыр. Тұрар ауылының оқушыларын білім нәрімен сусындатып отырған қазақ мектебі 100 жылдық мерейтойын 100 іс-шара ұйымдастырумен атап өтіп …
В Каскелене, на базе ресторана «Достык», впервые в нашей стране общественный фонд «Право» и центр социально-психологической, правовой помощи несовершеннолетним «Шанс», о котором мы уже писали, при поддержке Комитета по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан провели региональный семинар-тренинг. Его участниками стали зарубежные и национальные эксперты, заместители руководителей учебных заведений, психологи, социальные педагоги, …
Жуырда М.Мәметова атындағы орта мектепте қазақтың біртуар тұлғасы, халқымыздың ақын-сазгері, ҚР-на еңбек сіңірген өнер қайраткері Кенен Әзірбаевтың 134 жылдығына орай, «Алатаудың ақиық ақыны – Кенен Әзірбаев» атты әдеби-сазды кеш өтті. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында болған іс-шараның мақсаты қазақ сөз өнері мен музыкасына елеулі үлес қосқан ақынның шығармашылығын жас ұрпаққа таныстыру, эстетикалық тәрбие беру …
Жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту мақсатында ауданымызда көптеген іс-шаралар өтеді. Соның бірі жуырда Алтын ауыл орта мектебінде ұйымдастырылып, оған үлкен отбасының, жартылай жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар шақыртылды. Жалпы, аудандық білім бөлімінің бастамасымен өткен «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық іс-шарасында алғашқы сөз аталмыш мекеме басшысының орынбасары Әсет Нұрекеновке берілді. Ол жылы …
Өткен аптаның жұмасында, ауданымыздағы Шалқар ауылының орта мектебінде «Салт-дәстүрім санамда, жаһандану заманда» атты тақырыпта аудандық білім бөлімі көрме ұйымдастырды. Білім берудің қазіргі замандағы талабының бірі – шығармашылықпен жұмыс жасайтын, бәсекеге қабілетті тұлға. Міне, бұл шараның басты мақсаты да осыған негізделген. Мұнда еңбек пәні мұғалімдерінің қолөнер туындылары ортаға салынып, сондай-ақ, іс-тәжірибе алмасу мақсатында семинар сабақтар назарға …
Біздің елде білім беру саласындағы барлық мекемелердің алар орны бөлек. Өйткені, олар Отанның болашағын тәрбиелеушілер. Сол білім ордаларын басқаратын беделі мен білгірлігі қатар жүретін, көшбасшылығы оза тұратын басшылардың еңбегі орасан зор. Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы – оқыту сапасы мен мектеп қызметінің нәтижелілігін қамтамасыз етуші негізгі тұлға болып табылады. Ал, шығармашылықпен жұмыс істейтін басшыларды қолдау, …