В Каскелене, на базе ресторана «Достык», впервые в нашей стране общественный фонд «Право» и центр социально-психологической, правовой помощи несовершеннолетним «Шанс», о котором мы уже писали, при поддержке Комитета по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан провели региональный семинар-тренинг. Его участниками стали зарубежные и национальные эксперты, заместители руководителей учебных заведений, психологи, социальные педагоги, …
Жуырда М.Мәметова атындағы орта мектепте қазақтың біртуар тұлғасы, халқымыздың ақын-сазгері, ҚР-на еңбек сіңірген өнер қайраткері Кенен Әзірбаевтың 134 жылдығына орай, «Алатаудың ақиық ақыны – Кенен Әзірбаев» атты әдеби-сазды кеш өтті. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында болған іс-шараның мақсаты қазақ сөз өнері мен музыкасына елеулі үлес қосқан ақынның шығармашылығын жас ұрпаққа таныстыру, эстетикалық тәрбие беру …
Жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту мақсатында ауданымызда көптеген іс-шаралар өтеді. Соның бірі жуырда Алтын ауыл орта мектебінде ұйымдастырылып, оған үлкен отбасының, жартылай жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар шақыртылды. Жалпы, аудандық білім бөлімінің бастамасымен өткен «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық іс-шарасында алғашқы сөз аталмыш мекеме басшысының орынбасары Әсет Нұрекеновке берілді. Ол жылы …
Өткен аптаның жұмасында, ауданымыздағы Шалқар ауылының орта мектебінде «Салт-дәстүрім санамда, жаһандану заманда» атты тақырыпта аудандық білім бөлімі көрме ұйымдастырды. Білім берудің қазіргі замандағы талабының бірі – шығармашылықпен жұмыс жасайтын, бәсекеге қабілетті тұлға. Міне, бұл шараның басты мақсаты да осыған негізделген. Мұнда еңбек пәні мұғалімдерінің қолөнер туындылары ортаға салынып, сондай-ақ, іс-тәжірибе алмасу мақсатында семинар сабақтар назарға …
Біздің елде білім беру саласындағы барлық мекемелердің алар орны бөлек. Өйткені, олар Отанның болашағын тәрбиелеушілер. Сол білім ордаларын басқаратын беделі мен білгірлігі қатар жүретін, көшбасшылығы оза тұратын басшылардың еңбегі орасан зор. Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы – оқыту сапасы мен мектеп қызметінің нәтижелілігін қамтамасыз етуші негізгі тұлға болып табылады. Ал, шығармашылықпен жұмыс істейтін басшыларды қолдау, …
Ас – адамның арқауы. Бүгінгі таңда бөбекжайлар мен жалпы білім беру мекемелеріндегі тамақтану орталықтарының жай-күйі ең өзекті мәселеге айналып отыр. Өздеріңізге белгілі соңғы жылдары еліміздегі біраз мектептердің асханаларында балалардың тамақтануы бойынша бірнеше улануы фактілері тіркелген. Осыған байланысты аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева аптаның екінші күні аудандағы барлық балабақша меңгерушілерін, мектеп директорлары мен мектеп асханаларын жалға …
Тарих дегенде шежіреге толы батыр бабаларымыз бен ұлы ғұламаларымыз жайлы айтпасқа болмас. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы да тарихымызды тануға, оны жас ұрпаққа насихаттауға арналған. Осы орайда Мемлекет басшысының мақаласын негізге ала отырып кеше Ғабдуллин орта мектебінде азулы ақындардың бірегейі Махамбет Өтемісұлының отты жырларына арналған «Біз Махамбеттің ұрпағымыз!» атты жарыс өтті. Халық-тың …
Мұғалімдер күнінде Алтын ауыл мектебінде, тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен, ұлт болашағының мәңгі мызғымастай іргетасын мықтап қалап беруші, қадірлі ұстаздарға арналған «Ұстазға мың тағзым!» атты салтанатты мерекелік концерт-кездесу болды. Ол өзгенің уақытын аялай, өз уақытын аямай шәкірт тәрбиелеу ісінде талмай еңбек еткен ұстаздарымыздың қажырлы еңбектерін, жемісті жетістіктерін жас буын өкілдеріне насихаттау мақсатында өткізілді. Шараға ардагер ұстаздар Қайыпжамал …
Жуырда, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өлкетану» жобасы аясында, Абай мектеп-гимназиясының акт залында«Қазақ даласының қамқоршысы» тақырыбында Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері ұлтымыздың тұғыры биік тұлғасы Жұмабек Тәшеновты еске алуға арналған «Қазақ даласының жанашыры» атты кеш өткізді. Бұл ретте музей меңгерушісі Серік Қалиев Жұмабек Ахметұлы туралы жан-жақты айтып, Отанымыздың қасиетті кең байтақ жерін қорғаудағы елеулі …
«Білімдінің алды жарық…» деген дана халқымыз қай заманда да ұрпағының білім алуына ерекше көңіл бөліп, оған қол жеткізуіне бар мүмкіншілігін пайдалануға ұмтылған. Ұстазға деген құрметі мен сенімі үлкен бола отырып, білімдіге артар үміт, арманы да асқақ болған. Мемлекетімізді дамыған 30 елдің қатарына қосатын білікті де белсенді азаматтарымызды қалыптастырудағы басым күш білім беру саласына жүктеліп отырғаны …