SDU университеті – бүгінде білім беру сапасымен алда тұрған жоғары оқу орындардың бірі. Соңғы уақытта білім ордасы өнертапқыш студенттерімен де ерекшеленуде. Солардың бірі – мұндағы болашақ инженерлер. Олар өз қолдарымен автокөлік құрастырып, халықаралық жарыста топ жарған. Білімгерлер ойлап тапқан отандық өнімге жақында университетке арнайы келген ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев риза болып, алдағы істеріне табыс тіледі. …
Қай кезде де қоғам бала тәрбиесіне бей-жай қарай алмайды. Себебі бала – ертеңгі ел болашағы. Жас ұрпақтың тәрбиесіне баса көңіл бөлуді қолға алған аудандық білім бөлімі аптаның сейсенбісі күні Шамалған ауылдық округінде орналасқан Үшқоңыр орта мектеп-гимназиясында «Білім мен тәрбие – егіз ұғымы» атты облыстық форум өткізді. Қоғамды толғандыратын маңызды тақырыптар талқыланған ауқымды шараға аудан әкімінің …
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2024 оқу жылына бакалавриат бойынша 88 204 білім грантын бөлген болатын. Гранттардың басым бөлігі инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары мамандарын дайындауға арналған. Мемлекеттік грант иегерлерінің статистикалық мәліметіне сүйенсек, SDU University-ге бакалавриат, магистратура мен докторантура бойынша жаңа оқу жылына келген 2447 білімгердің 1741-і мемлекеттік грант иегерлері атанды. Оның ішінде республика …
Конституция күнін мерекелеу аясында Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округіндегі Қосқұдық станциясында ел күткен жаңалықтың бірі болды. Жаңа оқу жылының қарсаңында аталған елді мекеннің оқушылары үшін жаңа мектеп ашылды. Ғимараттың салтанатты түрде ашылу шарасына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, мемлекеттік қоғам қайраткері Қанат Бозымбаев (жақында Президент кеңесшісі болды), Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев, сондай-ақ ақсақалдар, …
Алматы облысы Райымбек ауданында «Damu» инновациялық оқыту және дамыту орталығының салтанатты ашылуы өтті. Орталықты менти Назира Қанапияева ашты. Назира Қанапияева 2022 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 5 миллион теңге сомасына қайтарымсыз грант ұтып алды. Алайда ол тек қажетті қаражатқа ие болу жеткіліксіз екенін түсінді. Кәсіпкерге білім, өзіне және өз ісіне деген сенім қажет болды. …
Үш аусымдық – бүгінде Алматы облысындағы барлық дерлік аудандарды мазалаған мәселе. Жылда жаңа мектептер салынып, қолданысқа беріліп жатқанымен халық санының өсуіне байланысты білім ордаларында орын жетіспеушіліктер азаяр емес. Өңірдегі осы мәселені шешу мақсатында былтыр 710 орындық 4 мектеп салынып, қолданысқа берілген еді. Ал биыл 16 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның тоғызы 1 қыркүйекте пайдалануға берілді. …
Жамбыл ауданының әкімшілік орталығы Ұзынағаш ауылында 1500 орындық мектеп пайдалануға берілді. Заманауи үлгіде жаңадан бой көтерген білім ордасы осы аудандағы ең үлкен мектеп болып саналады. Орналасқан жері де өте қолайлы, елді мекеннің тау жақ шетінде, кейінгі жылдары етек жайған жаңа тұрғын үйлер орамында қоныс тепкен. Сәулетті ғимараттың салтанатты ашылуына облыстық мәслихаттың төрағасы Талғат Байеділов, аудан …
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аптаның екінші күні Алматы облысына жұмыс сапармен келді. Мемлекет басшысы алдымен облыс орталығы Қонаев қаласына барып, оның бас жоспарымен және өңірдегі бірқатар нысандарды аралады. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл жұмыс сапары кезінде Қарасай ауданына да арнайы келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қарасай жеріне келген Мемлекет басшысы осы аудандағы олимпиадалық даярлық орталығы …
Президентіміздің халыққа жолдауымен таныстым. Адамзат тарихы бұрын болмаған түбегейлі өзгерістер дәуірі басталғалы тұрғанын сездім. Президенттің алға қойған мақсаттары қоғамның әр саласында жақсы жаңалықтар күтіп тұрғаны белгілі болды. Бұл жолдаудың ерекшелігі – тек қоғам емес жеке тұлғалардың өмірін жан-жақты қамтуы. Күрделі алға қойған мәселелерді халықпен сапасын референдум арқылы шешу керектігі айтылды. Атом станциясын салу көптен бері …