Конституция күнін мерекелеу аясында Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округіндегі Қосқұдық станциясында ел күткен жаңалықтың бірі болды. Жаңа оқу жылының қарсаңында аталған елді мекеннің оқушылары үшін жаңа мектеп ашылды. Ғимараттың салтанатты түрде ашылу шарасына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, мемлекеттік қоғам қайраткері Қанат Бозымбаев (жақында Президент кеңесшісі болды), Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев, сондай-ақ ақсақалдар, …
Алматы облысы Райымбек ауданында «Damu» инновациялық оқыту және дамыту орталығының салтанатты ашылуы өтті. Орталықты менти Назира Қанапияева ашты. Назира Қанапияева 2022 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 5 миллион теңге сомасына қайтарымсыз грант ұтып алды. Алайда ол тек қажетті қаражатқа ие болу жеткіліксіз екенін түсінді. Кәсіпкерге білім, өзіне және өз ісіне деген сенім қажет болды. …
Үш аусымдық – бүгінде Алматы облысындағы барлық дерлік аудандарды мазалаған мәселе. Жылда жаңа мектептер салынып, қолданысқа беріліп жатқанымен халық санының өсуіне байланысты білім ордаларында орын жетіспеушіліктер азаяр емес. Өңірдегі осы мәселені шешу мақсатында былтыр 710 орындық 4 мектеп салынып, қолданысқа берілген еді. Ал биыл 16 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның тоғызы 1 қыркүйекте пайдалануға берілді. …
Жамбыл ауданының әкімшілік орталығы Ұзынағаш ауылында 1500 орындық мектеп пайдалануға берілді. Заманауи үлгіде жаңадан бой көтерген білім ордасы осы аудандағы ең үлкен мектеп болып саналады. Орналасқан жері де өте қолайлы, елді мекеннің тау жақ шетінде, кейінгі жылдары етек жайған жаңа тұрғын үйлер орамында қоныс тепкен. Сәулетті ғимараттың салтанатты ашылуына облыстық мәслихаттың төрағасы Талғат Байеділов, аудан …
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аптаның екінші күні Алматы облысына жұмыс сапармен келді. Мемлекет басшысы алдымен облыс орталығы Қонаев қаласына барып, оның бас жоспарымен және өңірдегі бірқатар нысандарды аралады. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл жұмыс сапары кезінде Қарасай ауданына да арнайы келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қарасай жеріне келген Мемлекет басшысы осы аудандағы олимпиадалық даярлық орталығы …
Президентіміздің халыққа жолдауымен таныстым. Адамзат тарихы бұрын болмаған түбегейлі өзгерістер дәуірі басталғалы тұрғанын сездім. Президенттің алға қойған мақсаттары қоғамның әр саласында жақсы жаңалықтар күтіп тұрғаны белгілі болды. Бұл жолдаудың ерекшелігі – тек қоғам емес жеке тұлғалардың өмірін жан-жақты қамтуы. Күрделі алға қойған мәселелерді халықпен сапасын референдум арқылы шешу керектігі айтылды. Атом станциясын салу көптен бері …
Облыстық білім басқармасының ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл ауданында «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты педагогтарды марапаттау кеші өткізілді. Ұзынағаш ауылының Мәдениет үйіндегі салтанатта өңірдегі білім саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген ұстаздар ұлықталды. Қала мен аудандардан келген ұлағатты ұстаздардың есімдері сахна төрінде ілтипатпен аталып, құрмет көрсетілді. Олай болмағанда ше. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, саналы …
2023 жылдың мамыр айында ТМД-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Мемлекетаралық Кеңесінің (ШОБ) қолдауымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» конкурсы басталды. Ұйымдастыру комитеті конкурсқа 14 пен 35 жас аралығындағы жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз идеялары мен көзқарастарын, сондай-ақ осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың рөлі мен маңызын көрсете отырып, «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» …
Жаңа оқу жылына дайындық қызған тұста елімізде «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы қарқынды жүруде. Акцияның мақсаты – аз қамтылған отбасылар мен жетім балалардың тұрмысы төмен отбасы балаларына жаңа оқу жылының дайындығына әлеуметтік көмек көрсету. Осы ретте бүгін «AMANAT» партиясы да бұл игі шараға қатысып, аудандық филиал ғимаратында қайырымдылық акциясын өткізді. Республикалық акция аясында Қарасай аудандық мәслихат …
Әлі есімізде тоқсаныншы жылдардан кейінгі қиындықтарына толы өтпелі кезең артта қалып, ел еңсесін көтере бастаған кез. 2000 жылдан кейін сол тұстағы Райымбек ауданындағы бірнеше шағын ауылда жаңа мектептер салынып, пайдалануға берілді. Соның бірі Ақсай орта мектебінің қазіргі ғимараты болатын. Шүкір, Ақсай ауылының түлектері жаңадан салынған мектепті назарларында ұстады. Айналасын түрлі жеміс ағаштарына толтырды. Дәл қазіргі …