Ел тәуелсіздігінің тұтқасы, ұлттың тірегі – мемлекеттік тіл. Ол – біздің егемендігімізді айқындап, болмысымызды айшықтайтын, әлемдік деңгейде тұғырымызды берік қылатын басты байлығымыз. Дәл осылай анық айтуымызға әбден негіз бар. Өйткені кез келген мемлекеттің бет-бейнесін сипаттайтын өз ана тілі екенін ескерсек, елдің мәдениетін де, тарихын да қалыптастыратынын ұмытпаған жөн. Қазақстанның Ата заңында мемлекеттік тіл ретінде қазақ …
Бүгінгі мемлекеттік қызмет заманауи өзгерістерге толы. Өткенде ғана жаңалықтардан мемқызметкерлерге ChatGPT қосымшасымен хат дайындауға тиым салынатындығы айтылды. Себебі мемлекеттік құпияны құрайтын ақпараттар мен персоналды мәліметтер интернет айдынына шығып кетуі мүмкін. Цифрлық қоғамның пайдасымен бірге осындай тәуекелдері де жоқ емес. Ал апта ішінде Парламент Мәжілісі «Жасанды интеллект туралы» заң жобасын бірінші оқылымда-ақ қабылдады. Айтпақшы заң жобасын …
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ақордада салтанатты жиын өтті. Президент ұлтымыздың болмыс-бітімін сақтауға, халқымыздың руханиятын байытуға зор үлес қосып жүрген сала қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. – Мәдениет – ұлттың төлқұжаты. Жаһан жұрты елімізді, ең алдымен, өнеріміз арқылы танып біледі. Біз – Ұлы далада тамыр жайған бірегей мәдениеттің заңды мұрагеріміз. Қазақ жерінен шыққан қайталанбас өнер …
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу биыл төртінші жыл қатарынан жалғасын табуда. Осы уақыт аралығында 60 мың адам жоғары лауазымды қызметке қол созуды қалаған. Олардың ішінде тек 400 адам резервке қабылданған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлтан Сейдалиев. Бүгінгі таңда резервке алынған 400 адамның 318-і мемлекеттік органдар мен …
Жуырда аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңеспен бірлескен көшпелі отырысы өтті. Партияның «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасының бекітілген Жол картасы аясында және де сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстар талқыланған жиынға «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Аслан Кубентаев, облыстық …
Қарасай ауданының мәслихаты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару, өңдеу және сақтау тарифін бекітті. Айта кетейік, бұған дейін ауданда қоқыс шығару және өндеу секілді жұмыстар бойынша шекті тарифына соңғы 8 жылда ешқандай өзгерістер енгізілмеген. Күні кеше аудандық әкімдікте VIII шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 35-ші сессиясы өтті. Аудандық мәслихат төрағасы Бауыржан Айнабеков жүргізген жиынға аудан әкімінің орынбасары …
Өткен аптаның жексенбісінде ауданға қарасты Ұмтыл ауылдық округінде әкім сайлауы өткен еді. Оның қорытындысы бойынша Ұмтыл ауылдық округінің әкімі болып Ибатжан Ислам Бауыржанұлы сайланды. Жаңа әкімді қызмет орнына тағайындап, оның ұжымына және ауданның белсенді тұрғындарына аудан әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров таныстырды. Сондай-ақ ол көпшілікке оның атқарған қызметін баяндап, алдағы ісіне сәттілік тіледі. Айта кетейік, Ибатжан …
Жақында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы өтті. Алқалы жиын ел бірлігінің бекемдігі мен қоғамдық келісімнің ынтымағын жарастырып отырған аталған ұйымның 30 жылдық мерейтойына арналды. Ал басқосудың тақырыбы «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы: қорытындылар және болашақ міндеттер» деп аталды. Сессия отырысына Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің, республикалық …
1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау басталды. Магистратура және докторантура деңгейлері бойынша 11 білім беру бағдарламасы аясында талапкерлерді қабылдайды. Құжаттарды онлайн түрде «Admission» ақпараттық жүйесі арқылы 25 маусымға дейін тапсыруға болады. Бұл туралы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Малик Асанов мәлімдеді. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік …
Таяу күндері Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел тізгінін қолына алғанына алты жыл толады. Осы уақыт ішінде Қазақстан коронавирус пандемиясынан бастап жаһандық геосаяси шиеленістерге дейінгі көптеген сын-қатерге қарамастан, экономикалық дамуда елеулі нәтижелерге жетті. 2024 жылдың соңында ЖІӨ 288 миллиард долларды құрады. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 14 мың доллардан асты. Қазақстан табысы жоғары елдер тобына едәуір жақындады. Мемлекет басшысы …