Осыдан 33 жыл бұрын Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Сол сәттен бастап бүкіл әлем баға жетпес мәдени мұрасы, бай дәстүрі мен әдет-ғұрпы, дүниетанымы кең және болашағы жарқын жас республика туралы білді. Отыз жылдан астам уақыт ішінде еліміз өз дамуында бұрын-соңды болмаған биіктерге жетіп, …
Ұлттың бірлігін бекемдейтін, ырысты ынтымағын жарастыратын елдіктің мейрамы болып саналатын бүгінгі Республика күнінің маңызы қашанда айрықша. Айтулы күн ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен былтыр ұлттық мерекелердің қатарына қосылған еді. 13 жылдан кейін мемлекеттің мерейін үстем етіп, қайта тойланып жатқан республика күнінің астарында үлкен мән-мағына, таңбаланған тарих жатыр. Дерекке сүйенсек, 1990 жылы 25 қазан күні …
Биыл еліміздің ең басты мейрамы – Республика күні екінші рет аталып өтеді. 13 жыл ортаға салып қайта оралған бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн. Көк түріктер дәуірінен, Алтын Орда, Қазақ хандығы заманынан келе жатқан елдігіміз тамырын тапқан, Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталғандығын айқындайтын дәлел. Күні кеше бас қалада өткен ҚР Президенті …
Жүйрік ат, қыран құс ежелден ердің серігі. Біздің туған Тәуелсіз Отанымыздың көк байрағындағы қыран құстың келбеті – азаттығымыздың айбыны ретінде бейнеленген. Бұл ұлттық құндылығымыздың жарқын да жайдары көрінісі. Бүркіт – қаршыға тұқымдасына жататын үлкен құс. Ол біздің қоршаған ортамыздағы ең ірі қыран саналады. Бүркіттің сиреп бара жатқаны көңілімізге қаяу түсіргендей болады. Дегенмен, құстың патшасы, көк …
Құсбегілік, атбегілік ұлтымыздың ежелден жалғасып келе жатқан құндылықтары болып табылады. Қиын-қыстау замандарда дәл осы құсбегілік, саятшылық өнерімен жанын баққандар, тіпті бір ауылды асыраған жандар аз емес. Қанымызда бар осы дүниелердің алтын арқау жібек жолын үзбей бүгінгі күнге жалғасып келе жатқаны жұбаныш. Кеген ауданында, «Құлаған жар» тауының баурайында Қазақстандағы алғашқы бүркітші «Жалайыр Шора» мектебінің 35 жылдығына …
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамының президенті, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлын қабылдады. Кездесу барысында мемлекеттік тілді нығайту ісіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Президент қазақ тілін одан әрі дамыту тақырыбы әрқашан мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып қала беретінін айтты. Ең алдымен, қазақ тілінің қолданыс аясын арттыруға бағытталған практикалық жұмыстарға басымдық беру жөн деді. Бұдан бөлек, …
Ауданда Мәдениет күні тойланды Алматы облысына қарасты қала мен аудандарда мәдениет күндері тойланып, «Ауылым – алтын бесігім» атты байқау басталды. Оған Алматы облысының әкімдігі қолдау білдіріп, ұлттық құндылық ұлықталатын бастаманың лайықты деңгейде өтуіне Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйытқы болып отыр. Мәдениет күндерін атап өту шарасы қасиетті Қарасай жерінде бастау алды. Аптаның екінші …
Мынау тылсым тіршілікте құпиясы мол жарық ғаламда қар барысының орны бөлек. Қар барысы (ілбіс) жан аяғы тие бермейтін жерлерде, аты айтып, сездіріп тұрғанындай мәңгі қар жатқан биік таулы өңірде өмір сүретін, ешқандай жан-жануардан қорықпайтын, айлалы да айбатты, қарулы да қайратты сүт қоректі, әлеуеті жоғары аң саналады. Негізінен Орталық Азиядағы тауларды, Солтүстік Үндістан, Пәкістан, Байкал, Тибет …
Атыңнан айналайын, құшағын жайған дәйім ақ мекенде аты мен атағы жер жер жарған өңірлер көп. Ата қоныс, бабалар мекендеген өлкеде шешіресін бауырына басқан, қазынасы көзді тартқан жерлер жетіп артылады. Мынау киелі өңір, қастерлі мекендегі сұлулығы көзді тартқан, бал бұлағы сарайыңды ашқан, табиғаты жұпарын шашқан жерлер – өлкенің сәні, таусылмас әні! Соның бірі әрі бірегейі – …
Мектеп оқушысы кәсіппен айналысып, табыс тауып отыр дегенді естігенде оған әркімнің сенуі екіталай. Десе де бұл мүмкін болатын нәрсе екеніне көзіміз жетті. Ауданымызға қарасты Береке ауылындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Берік Әжімбай мемлекет қолдауына ие болып, бүгінде ат әбзелдерін дайындау ісімен айналысуда. Жасөспірімнің жеке кәсібімен танысу үшін жақында ол тұратын елді мекенге арнайы барып, …