Атыңнан айналайын, құшағын жайған дәйім ақ мекенде аты мен атағы жер жер жарған өңірлер көп. Ата қоныс, бабалар мекендеген өлкеде шешіресін бауырына басқан, қазынасы көзді тартқан жерлер жетіп артылады. Мынау киелі өңір, қастерлі мекендегі сұлулығы көзді тартқан, бал бұлағы сарайыңды ашқан, табиғаты жұпарын шашқан жерлер – өлкенің сәні, таусылмас әні! Соның бірі әрі бірегейі – …
Мектеп оқушысы кәсіппен айналысып, табыс тауып отыр дегенді естігенде оған әркімнің сенуі екіталай. Десе де бұл мүмкін болатын нәрсе екеніне көзіміз жетті. Ауданымызға қарасты Береке ауылындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Берік Әжімбай мемлекет қолдауына ие болып, бүгінде ат әбзелдерін дайындау ісімен айналысуда. Жасөспірімнің жеке кәсібімен танысу үшін жақында ол тұратын елді мекенге арнайы барып, …
Елімізде әлем назарын аудартқан тарихи орынның бірі – Таңбалы шатқалы. Оны ежелгі Жетісуды әр кезеңде мекендеген бағзы жұрттың тұрмыс-тіршілігінен, наным-сенімінен хабар беретін мұралар жиынтығы шоғырланған орын деп таниды. Ол Алматы қаласынан 170 шақырым солтүстік-батыста, Жамбыл ауданының Мәтібұлақ ауылдық округіне қарасты Қарабастау ауылының маңында орналасқан. Жалпы ауданы 3800 гектарды алып жатқан аумақ бейне бір ашық аспан …
Қай кезде де қоғам бала тәрбиесіне бей-жай қарай алмайды. Себебі бала – ертеңгі ел болашағы. Жас ұрпақтың тәрбиесіне баса көңіл бөлуді қолға алған аудандық білім бөлімі аптаның сейсенбісі күні Шамалған ауылдық округінде орналасқан Үшқоңыр орта мектеп-гимназиясында «Білім мен тәрбие – егіз ұғымы» атты облыстық форум өткізді. Қоғамды толғандыратын маңызды тақырыптар талқыланған ауқымды шараға аудан әкімінің …
Тарихқа толы бұл өңір негізінен Қарабұлақ өңірі деп аталады. Осы аттас округ бар. Торайғыр, Өсербай, Үшкүл, Жаманбұлақ секілді қыстаулары, Екі аша, Қарақия, Көкжазық, Сарынауа секілді жайлаулары құт-берекесіне толы. Төрт түлік малға құт, жанға сондайлық жайлы мекен. Қарашоқы деп аталатын жерде таңбалы тастар бар. Дәл осы өңір аумағында 47 тарихи дүние, ескерткіштей тамашалар бар. Тасқа қашап, …
Жетісу күй өнерінің негізін қалаушы, күйші-сазгер Қожеке Назарұлының 200 жылдығына арналған «Тарту» атты Республикалық күйшілер байқауы өтеді. Айтулы шара Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен және мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткізілмек. Алғашқы рет ұйымдастырылған байқау 16 тамыз күні Қонаев қаласында өтеді. Аталмыш байқауға еліміздің Алматы,Астана қалаларынан,Батыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Жетісу,Қарағанды,Алматы облысынан …
Бүгінгі заман – мыңды жығатын білімге сенетін кезең. Өйткені оқу-білім жүйесінің үнемі жаңаруы өркениеттің талабы. Ал сапалы білім жарқын болашақтың кепілі екені айтпасақ та түсінікті. Расын айтқанда, әр елдің даму сатысынан көрінуі ондағы халықтың білім мен біліктілігіне байланысты. Сондықтан жетістікке жетелейтін білім саласына көңіл бөліну – заңдылық. Біздің елімізде жыл сайын бұл жүйеге тың өзгерістер …
Қашан көрсеңде табиғаты жайнап тұратын Шарын шатқалы туристерді таң қалдырудан әсте танбайды. Туған өлкеміздің теңдесі жоқ тамаша табиғатын көруге, қызықтауға, тамсануға, тамашалауға, сол арқылы бір демалып, бір жасап қайтуға болатын ғажайып өңірлеріміз туралы сыр шерткеннің артықтығы жоқ деп білем. Кезінде батыр бабаларымыз найзасының ұшымен, білегінің күшімен қорғап, ұрпақтарына аманаттап кеткен қастерлі де қасиетті топырағымыздың құндылықтарына …
Мынау зымыраған заманда кітапхана оқырманға кітап ұстатып, кітап қабылдап қана отыратын орын емес. Бағыты да, мақсаты да өзгерген. 2021 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та кітапханашылардың жалақыларын көтеруді тапсырып, кітапхана қызметкерлеріне тың серпін берген. Қазіргі уақытта бұл салада не өзгерді, не істелді деген оймен Қарасай аудандық кітапхананың директоры Ұлдархан Өтеевадан ақпарат алған едік. Өткен ғасырда …
Мен – Үйсінмін қауға берсең қауға бер, Қан ағызып үйренгем жоқ жаулап ел. Дауы да жоқ, жауы да жоқ, тып-тыныш, Бауырларым біздің асқар тауға кел, – деп жырлаған ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев дүниеге келген қастерлі де қасиетті Нарынқол өңірінің бір перзентімін. Кеген мен Райымбек аудандарын тең көремін. Кереге таулы Кеген ауылынан үлкен өмірге қанаттандық. Туған …