Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қолдауымен елімізде «Балапан» бағдарламасы аясында, сәні мен сәулеті жарасқан, көз сүйсінтіп, көңіл қуантатын көптеген балабақша еліміздің ертеңгі болашағы, бүлдіршіндерге арнап салынып, балалардың жылы ұясы болуда. Осы орайда айтарымыз, жуырда салынып, пайдалануға берілген аудан орталығындағы жаңа «Қарлығаш» балабақшасының салтанатты түрде ашылуы болды. Балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкімі Жандарбек Далабаев, қала әкімі …
Жуырда Астанадағы Қазмедиа орталығында аса маңызды, барынша пайдалы үлкен бас қосу болды. Ол Astana Media Week апталығы еді. Үш күн бойы еліміздің БАҚ өкілдері, шетелден шақырылған құрметті қонақтармен бірге, осы замандағы медиа жұмысы жайындағы орнықты ойларын ортаға салып, пайдалы пікірлерімен кеңінен бөлісті. Медиа апталықтың екінші күнінде «Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының форумы» өткізілді. Онда әр аймақтан …
Ұлы данамыз хакім Абай: «Болмасаң да ұқсап бақ, бір жақсыны көрсеңіз» деген. Ұқсаймын десе ұлға да, қызға да үлгі боларлық адамдар аз емес. Жалпы, жеке тұлғаның өзі халық арасынан өсіп шығады. Осы орайда, өткен ғасыр шеруіне барлау жасайтын болсақ, қазақ еліне жойқын шабуыл жасаған жат жұрттықтарды тарих беттерінен білеміз. Осы бір алмағайып заманда бес қаруын …
Ұлы Жібек жолының бойымен іргелес жатқан елдермен керуен көші жоғары деңгейде жүрмегеніне де біраз болыпты. Кеңес дәуірінен бері тікелей қатынас көлігі болмай көршілес мемлекетке шекара асу үшін жолаушылар әуре-сарсаңға түскелі қашан. Енді, міне, алаңсыз шекара асатын күн де туды. Олай деуіміздің себебі, жақында ғана ауданымыздың Әйтей округіне қарасты «Үшқоңыр» автобекетінде халықаралық рейстер ашылды. Нақты айтқанда, …
Біздің егемен еліміздің ең басты байлығы – оның халқы. Сондықтан адамның өмірі мен денсаулығына айрықша назар аударылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасында да халықты саламатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсеткен. Сол себептен де тәуелсіз Қазақстанда мыңдаған спорт алаңдары, стадиондар, спорттық-сауықтыру орталықтары, спорт мектептері және тағы басқа осы бағыттағы …
Очень скоро на территории Ельтайского сельского округа, вблизи села Береке, благодаря плодотворному сотрудничеству казахстанских и турецких предпринимателей раскинется большой грушевый сад. Его площадь составит 20 гектаров. В этой связи хотелось бы особо подчеркнуть вклад в развитие сельского хозяйства братьев Абишевых – Бекета и Азамата. Оба они создали свои ИП. Если Азамат вот уже два года …
Таяуда ғана, яғни, 19-22 шілде аралығында, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін VI Халық спорты ойындары өтті. Талдықорған қаласында болған өңірлік бәсекеге барлығы 20 команда қатысты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, танымал спорт түрлерін және ежелден келе жатқан халық ойындарын одан әрі дамыту мақсатында қолға алынған, сонымен қатар, жаңа резервтер дайындап, спортшылардың шеберліктерін шыңдау …
Қарасай ауданының өнер мектептерінде сапалы тәлім-тәрбие алып жатқан жас ұрпақтың арасында өзінің өнерімен, қабілетімен биіктерді бағындырып, ата-анасының, ұстаздарының қуанышын асқақтатып жүрген балауса шәкірттер аз емес. Соның бірі Әбілқайыр Жұмабай жақында ғана халықаралық «Славян базары» балалар өнер байқауында жақсы жетістікке жетті. Небәрі 7 жастағы жерлесіміз 20 елден келген қатысушылардың ішінен топ жарып, үздік үштіктің қатарынан көрінді. …
И вновь в расположенном в городе Каскелене фонде «Rakhym» прошла благотворительная акция. На сей раз называлась она «Үміт үзгім келмейді» и была посвящена ребятишкам, прошедшим реабилитацию в действующем при фонде центре поддержки здоровья детей и подростков с ограниченными возможностями. Назерке Салимхан из села Уштерек с диагнозом ДЦП проходила реабилитацию в данном центре в течение года. …
Таяуда Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы- ның ұйымдастыруымен «Үздік оқытушы» облыстық байқауы өтті. Оқытушылардың кәсіби-педагогикалық шығармашылығын жетілдіру және мемлекеттік тілді оқытудың үдерісін ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқау үш кезеңнен тұрды. Алдымен қатысушылардың электрондық портфолиосы таныстырылып, педагогикалық-психологиялық жағдаяттарға арналған тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, 8-10 тыңдаушыдан құрылған аудиторияда сабақ үлгісі көрсетіліп, барлық үміткерлердің жұмыстары сараланды. Бұл ересектерге …