Ұлттық мәдениет пен қазақ руханиятының дамуына үлес қосып, осы салада тынымсыз тіршілік етіп жүрген білікті мамандардың атқарып жатқан еңбектері қашанда елеулі. Олар – өнерді өрге сүйреп, дәстүрді жаңғыртып жүрген жандар. Осындай істе белсенділік танытқан бірқатар жетісулықтардың өткен аптада мерейлері үстем болды. Олардың арасында ауданның әлеуетін арттырып жүрген қарасайлықтар да бар болғанын ерекше айтуға болады. Алматы …
Республикалық «Рухани қазына – 2021» байқауының аясында облыстық, аудандық, қалалық деңгейдегі үздік мемлекеттік музей, үздік кітапхана, үздік мемлекеттік мәдени ойын-сауық ұйымы мен мәдениет ұйымдарының үздіктері іріктеліп, марапатталады. Мерейі үстем болып, абыройы артқандардың қатарында біздің аудандық тарихи-мәдени өлкетану музейі «Үздік аудандық маңызы бар мемлекеттік музей» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. 21 мамыр – Мәдениет және өнер саласы …
Қарасай ауданының ғана емес, жер жәннаты – Жетісу жерінің де мақтанышына айналған, ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) елдерінде баламасы жоқ музей өз атын абыроймен арқалап жүр. Қазіргі таңда тарихи орталық тек естелік экспонаттардан тұратын сөрелі орда емес, түрлі жиындар жиі өтетін, қанатын кеңге жайған мәдени ошаққа айналған. Дәл 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай аталмыш …
Көптеген қазақстандықтардың үйлі болуына тиімді ұсыныстарын ұсынатын «Отбасы банкінің» қолжетімді қызметі тағы бір кеңсесімен толықты. Ауданымызда орналасқан еліміздегі ең ірі «Аport» сауда-ойын-сауық орталығында осыдан бір апта бұрын аталмыш банктің кеңес беру орталығы ашылды. Санитарлық талапқа сай ұйымдастырылған салтанатты рәсімге «Отбасы банк» АҚ-ның басқарма төрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов арнайы қатысып, ұжымдаста-рының алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Дәл …
Жуырда, Жібек жолы ауылдық округіне қарасты, Анаркүл Болымбекова басқа-ратын Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебінің ұжымы үшін үлкен қуанышты оқиға болды. Атап айтқанда, осы білім ұясына хал-қымыздың мақтан етер тұғыры биік тұлғасы, туған еліне ерекше еңбегі сіңген, алаш қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. Осыған орай мектепте қазіргі жағдайға байланысты аз ғана адам қатысқан салтанат …
Осы аптаның сәрсенбісі күні Халықаралық «Абай» атындағы мәдениет пен өнерді қолдау қорының атқарушы директоры Аслан Ғафуров ауданымызға арнайы келіп, жалпы мәдениеттің өркендеуіне көп үлес қосып жүрген аудан әкімі Жандарбек Далабаевқа «Абай» мерейтойлық төсбелгісін табыстады. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы қазақтың ғана емес, бүкіл әлемнің ортақ мақтанышына айналған халқымыздың данышпан перзенті, ақын, философ, ғұлама Абай Құнанбайұлының туғанына …
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Нұрлы-Жер» мен «Шаңырақ» бағдарламалары аясында, осы аптада аудан орталығы Қаскелең қаласында орналасқан «Қарлығаш» ықшам ауданында 30 отбасы баспаналы болды. Көптің көптен күткен қуанышына аудан әкімі Жандарбек Далабаев ортақтасып, тұрғындарға пәтер кілттерін табыстады. Жыл санап дамып келе жатқан ауданымыз үшін тұрғын үй мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бір ғасырға жуық тарихы бар …
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Іргелі ауылдық округінің тұрғындары үшін салынған дәрігерлік амбулатория ашылды. Салтанатты рәсімге арнайы қатысқан аудан әкімі Жандарбек Далабаев осы қуанышты оқиғамен құттықтады. Жандарбек Ермекұлы ізгі тілегін білдіре келе, денсаулық сақтауда, жастардың репродуктивтік денсаулығын жақсарту бойынша үлкен жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, Қаскелең қаласында 200 орын стационар мен 1000 емделушіге арналған …
Күндердің сұлтаны өткен аптадағы жұма күні қанша жылдан бері пәтер жалдап келген, әлеуметтік жағдайы төмен, тоғыз баласы бар Картеновтар отбасы үйлі болды! Бұл қайырымды іске қол ұшын созған елімізге белгілі айтыскер ақын, «Құрмет» орденінің иегері, «Айдың нұры» қорының құрылтайшысы әрі төрайымы Айнұр Тұрсынбаева. «Айдың нұры» қайырымдылық қорының директоры, заңгері Мөлдір Ақылбекованың айтуынша, қор үстіміздегі жылдың …
Ақпарат майданының алғы шебінде жүріп, Жетісу жерінің жаңалығын жалпақ жұртқа жария етуден жалықпайтын үздік БАҚ өкілдері «Самғау – 2020» байқауында марапатталды. Аталған облыс әкімінің жүлдесі үшін додаға түскен жеңімпаздардың арасында ауданның абыройын арттырған біздің мақтаныштарымыздар да бар. Байқауда бағы жанып, еңбектері еленіп, үздіктердің қатарынан табылған жүлдегерлер жайлы айта кетсек. Былтыр ұйымдастырылған додада жүлделі үшінші орынға …