Өнер – өзгеше әлем. Сырт көзге әдемілігін, әсемдігін ғана көрсеткенімен, оның шынайы шыңына жету жолы, әрине, оңай емес. Себебі, сахна – киелі орын. Ол жасандылықты, жалғандықты, жалқаулықты көтермейді. Сондықтан да, бойындағы дарынын дамытып, өнер әлемінде өрісін кеңге жайғысы келетін адам ұдайы еңбек үстінде болғаны абзал. Міне, биыл кәсіби мерекесі қарсаңында жылдың «Үздік мәдениет қызметкері» атағын …
Жуырда, Қырғауылды ауылындағы «Анаға құрмет» музейі мен «Батыр бабалар» мемориалы Алматы облыстық музейлері арасындағы байланысты нығайту мақсатында, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында орналасқан «Есік археологиялық-өлкетану музейінде» «Ел іші – өнер кеніші» тақырыбындағы көшпелі көрме ұйымдастырды. Атап айтқанда, «Анаға құрмет» музейі халық назарына осы атпен көшпелі көрмені ұсынды. Оның ішінде түйреуіштер, сан түрлі алқалар, маңдайға тағатын әшекей, …
18 мамыр – Халықаралық музей күні. Бұл күн 1978 жылдан бері аталып келеді. Мәдени ошақтың қоғамдағы маңыздылығын насихаттауға бағытталған күнді әлемде жыл сайын 200-ге тарта ел мерекелейді. Рухани құндылықты ұлықтайтын шарадан қарасайлықтар да шет қалмайды. Ауданымыздағы тарихи-өлкетану музейінің басшысы Серік Қалиевтың бастамасымен, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, осы жерде «Музейдегі …
Былтыр Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласы жариялана салысымен, онда көрсетілген мақсат-міндеттерді жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар Жетісу жерінде де бірден қолға алынғаны белгілі. Бағдарламаның өзектілігі мен терең мағынасы жете түсіндіріліп, әр аудан, қалалардан ұтымды ұсыныстар мен тың жобалар жинақталып, іс-жоспары бекітілген болатын. Бұл ретте қарасайлықтар тарапынан жасөспірімдер арасында мақал-айтыс өткізіп, кейінгі буынға сөз құдіретін …
Құрманғазы қазақтың маңдайына біткен дара күйші, композитор. Ол 1818 жылы қазіргі Атырау облысының Жиделі ауылында дүниеге келген. 1889 жылы топырақ бұйырған орны қазіргі «Құрманғазы төбесі». Күйшінің оң солын танып, өмір-тіршілікке белсене араласа бастаған кезі күрделі еді. Оның күйлері қазақ халқының қайғысымен де қуанышымен де ұштаса білген. Жақында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы тапсырмаларды өнер …
Табиғаттың тосын мінезінен еліміздің бірқатар өңірінде төтенше жағдайлар орын алғаны белгілі. Әсіресе, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласын су басып, қаншама отбасының қиындыққа тап болғаны барша жұрттың қабырғасын қайыстырды. Сол себептен де елдігі мен бірлігін байқатқан халқымыз жан-жақтан апаттан зардап шеккендерге жәрдем беріп, мүмкіндігінше қолда барымен бөлісуде. Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар «Меломен» тобы да бұл …
Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Сонымен қатар, мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Қазіргі кезде біздің ауданда мұндай мәрт азаматтардың қатары көбейіп, қолдарынан келгенше, халыққа көмек беруде. Мәселен, жуырда, аудандық мәдениет үйінде Наурыз мейрамы қарсаңында, мүмкіндігі шектеулі және жергілікті мектептердің оқушыларына тамаша концерт ұйымдастырылды. Бұл қайырымдылық іс-шарасының бар шығынын аудандық …
Қазақ – дана халық. Бұл қасиеті, әсіресе, нақыл сөздерінен, мақал-мәтелінен анық аңғарылады. Кезінде ойға терең, тілге шешен бабаларымыз аса үлкен мәнді мәселелердің өзін бір-ақ ауыз сөзбен шешіп отырған ғой. Сондай сәтте мағыналы мақал-мәтелді орнымен пайдаланған. Ақ батасын мақалдап беріп, ақ ниетін мәтелдеп айтқаны да белгілі. Осынау ұлттық құндылығымызды үнемі ұлықтап қана қоймай, жастардың жанына жақын …
«Алтын ғасырында» ұлылармен қатар жүріп, қазақ өнерінің өрістеуіне өлшеусіз үлес қосқан, бір өзі ғана 400-дей әнге өлең жазған айтулы ақын Нұрсұлтан Әлімқұловтың мерейтойы кіндік қаны тамған Қарасай жерінде жақсы аталып өтті. Ол аудан әкімі Махаббат Бигелдиевтің тікелей бастамасымен алдымен ақынның есімі берілген Қаскелең қаласындағы мектепте бастау алып, әрі қарай Алмалыбақ ауылындағы облыстық мұрағатта жалғасын тауып, …
В минувшую среду с рабочим визитом наш район посетила заведующая отделом внутренней политики администрации Президента Республики Казахстан Аида Балаева. В сопровождении заместителя акима Алматинской области Жаксылыка Омара и акима района Махаббата Бигельдиева в Райымбекском сельском округе она побывала в мемориальном комплексе «Батыр бабаларға тағзым», а в селе Шамалган – в историко-культурном центре «Атамекен», являющихся филиалами …