Музей көне ескерткіштер мен құнды жәдігерлер мұқият сақталатын немесе келушілерге таныстырылатын ерекше нысан ғана емес, ол уақытқа бағынбайтын, алмасып жатқан ұрпақтар жалғастығын үзілдірмейтін алтын арқау. Өткен мен бүгінді, бүгін мен болашақты жалғастырар мәңгілік көпір. Өркениетті елдердің бәрінде дерлік ұлттық музейлер зор мақтаныш, рухани орда болып саналатыны белгілі. Солардың қатарындағы ерекше, ТМД елдерінде баламасы жоқ шынайы …
Асқан бір тапқырлық пен даналықтың арнасын сипаттайтын ол – қазақтың мән-мағынаға толы мақал-мәтелдері екені рас. Жас ұрпақтың санасын қазақтың нақыл сөздері арқылы жаңғыртып, ұлтжанды болуға, рухани жаңғыру жолында ұлттық тәрбиені қалыптастыруға бағытталған байқаулардың болуы шарт. Солардың бірегейі өткен аптада аудандық мәдениет үйінде Тұңғыш Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының міндеттері аясында «Мақал – сөздің мәйегі» …
Би – өнердің көнеден келе жатқан бай бір түрі, қызықты, сан қырлы, жарқын, эмоциялық әсерге толы жанр. Сән мен уақыт ағымы халықтың тарихын бойына сіңірген халық биіне әсер ете алмады, оны жер бетінен жойып та жібере алмады. Әр халық, әр ұрпақ өз ата-бабаларын ұмытпауға тырысып, олардың өмірінен көрініс беретін әр өнер түрін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге …
Қазақтың қолөнері – ұлттық мәдениетті насихаттайтын, байырғы, әрі құнды салалардың бірі болып табылады. Бүгінде осы ұлттық болмысты сақтап, дәстүрімізді дәріптеп, рухани жаңғыру жолында талмай еңбек етіп жүргендердің бірі – Бекдайырлар әулеті. Ұлттық өнерді 40 жылға жуық серік етіп жүрген үлгілі отбасы 2000 жылдары Жамбыл ауданынан Қарасай ауданына қоныс аударған. Қазақи нақышта талай тың дүниелерді жарыққа …
Биыл жыр сүлейлері Сүйінбай мен Жамбылдың ізін жалғап, өлеңнің қара жорғасы атанған халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаевтің туғанына 130 жыл және ақынның тікелей ұрпағы, ақын, суретші, үздік өлкетанушы атанған Әуелбек Ысқақов 60 жасқа толып отыр. Осыған орай, жақында аудандық тарихи-өлкетану музейінде Әуелбек ағаның қаламынан тамған картиналардан жинақталған «Қос өнер – қос қанатым» атты сурет көрмесінің ашылуы …
Көктемнің алғашқы күні ауданда тағы бір тамаша мәдени шараның ашылу салтанаты өтті. Ашылғанына бес жыл толып отырған «Анаға құрмет» музейі, ауданның 90 жылдық мерейтойына орай, «Ұлы дала мұрасы» атты бес күнге созылатын көрме ұйымдастырыпты. Оның алғашқы күні қазақ қолөнерін дүниежүзіне танытып жүрген, атақты этно-дизайнер Ырза Тұрсынзада арнайы келіп, көрме аяқталғанша өзінің тамаша өнерінің қыр-сырымен бөлісіп, …
Осы аптаның сейсенбісінде ауданымызға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы республикалық мониторингтік топтың мүшелері іс-сапармен келіп, бірнеше мәдени орталарды аралап, көпшілікпен, БАҚ өкілдерімен жүздескен еді. Түстен кейін қадірлі меймандар аудандық мәдениет үйінде «Аманат» қоғамдық тану сыйлығының салтанатты марапаттау рәсіміне қатысып, белгілі азаматтарға арнайы сыйлықтарын табыстады. Рухани шараның нүктесі Талдықорған …
Мәдениет саласының өсіп-өркендеуі, жаңғыруы қашанда жаңашыл жаңалық алып келуге негізделіп жатады. Сондай өзгерістердің бірі жақында біздің Қарасай ауданында да орын алды. Оған дәйек ретінде аудан бойынша алғаш жас өнерпаздардан құралған «Жастар» театрын айтуымызға болады. Ауданымызда осыдан бір апта бұрын Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі Сулейман Демирел университетінде көпшілікпен аталып өтілген еді. Оның жалғасы жастардың флешмобына …
Көбінде біз естіп жүрген танымал әндердің орындаушысына ғана назар аударамыз. Ал, сол шығарманы жаныңа жақындатып, көңіліңнің бір түкпірінен орын алатындай етіп жөндеп, тыңдарман жүрегіне жол ашатын өңдеушінің (аранжировщик) бар екенін ескере бермейміз. Міне, Қуаныш Құрманбаев дәл осындай өзі көзге көп түспесе де, Алланың берген дарыны мен ерекше еңбекқорлығының арқасында тынысын ашқан тың дүниелері, яғни, әсем …
Мен туған жер Қарасаз баурайдағы, Жалғанда жер біткеннің балқаймағы. Есім кетіп жүргенде ес білдірген, Жаралған жұлдызым ғой маңдайдағы! Мұқағали Мақатаев. Бір өлеңі бір елдің мұрасындай болған Мұқағали ақынның: Тәкаппар таулар жатқан жан-жағында, Барып қайт салқын самал малды ауылға. Бір жер бар «Қарасаз» деп аталатын, Көресің жолың түсіп барғаныңда. Көресің көк орманын, жылғаларын, Мөп-мөлдір қайнап шыққан …