Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы білімді жастар. Ақылды, ойлы, дарынды жастардан үмітіміз мол .Тұла бойларында түрлі өнердің сәулесі бар қабілетті жастарға қамқор болу, талпынған талабына қолдау көрсету аса маңызды. Кеген ауданындағы Жалаңаш ауылында «Келешек» деп аталатын балаларды дамыту орталығы бар. Дарынды балаларға арналған бұл орталық былтырғы жылдың қазан айынан бастап жұмыс істеп келеді. Мұндай тамаша орталық Іле …
Кеген ауданындағы Бөлексаз ауылы – береке-бірлігі, тірлігі жарасқан елді мекен. Ұйымшыл, ежелден келе жатқан салт-дәстүріміздің, жөн-жоралғыларымыздың құрметтеп, қолдаушылары. Соған орай ауылда жақсылық мол. Бұдан бұрын ауылдағы Бөлексаз орта мектебі күрделі жөндеуден өткізіліп, заманға лайық жаңғырып, жайнады. Ұстаздар мен оқушылар жылы да жайлы мекенжайда үлкен қуанышқа кенелді. Өткен жылдардан бері ауылдағы ауыз су жүйесі жаңғыртылды. Ауылда …
Жақында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «KITAP TIME» атты ауқымды іс-шара өтті. Жұмыс аяғында басталған шараның түпкі мақсаты – кітапхананың қай уақытта да зейінді оқырман үшін қолайлы екендігін көпшілікке жеткізе отырып, мейілінше оқырмандарын осы ортаға жақын тарту. Ерекше форматта өткен мазмұнды шараның оқырмандар үшін мәні зор болды. Өйткені, бұл күні әдетте тыныштық сақтайтын кітапхана ғимаратында келушілерге қатты …
Жамбыл ауданындағы «Ақ әжелер» фольклорлық-этнографиялық халықтық ансамблі ұзақ жылдан бері көрерменін халықтық әуенмен сусындатып, ұлтымыздың салт-дәстүрін ұлықтап келеді. Ақ кимешекті өнерлі апалардың еңбегі лайықты бағаланып, құрмет-қошаметке бөленді. Осы жазда ансамбльдің бірнеше мүшесі республикалық деңгейдегі марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, өнер ұжымының көркемдік жетекшісі Күміс Кемелбекова «Еңбек ардагері» медалімен марапатталса, ансамблдің белді мүшелері Шекеркүл Сәрсембиева мен …
Талғар ауданында 21 ұлт өкілі тату-тәтті тұрып жатыр. Олардың барлығы бір шаңырақ астында біте қайнасып, қоян-қолтық араласып тірлік етуде. Осыған орай мемлекетті құраушы халқымыздың рухани байлығы – ұлттық тілде сөйлеп, өз тіліне құрметпен қараған халықтың достығы ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқанын айта кеткен жөн. Жасыратыны жоқ, кеңестік кезеңде қазақ тіліне көңіл бөлінген жоқ. Тіпті орыс …
Қазақ баспасөзінің қара нарларының бірі Сейдахмет Бердіқұловтың туғанына биыл 90 жыл толды. Осыған орай қайраткер-қаламгердің кіндік қаны тамған мекен – Жамбыл ауданының Қарақыстақ ауылында «Еске алады өзіңді туған жерің» тақырыбында ұрпақтарымен кездесу болды. Қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушының құрметіне сол күні ауыл тұрғындары шағын футболдан жарыс өткізді. Ауылдық Мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан кітапханадағы кездесуге Сейдахмет …
Жалаңаш ауылы – аудан аумағындағы ең үлкен ауылдық округ. Құрамына Тоғызбұлақ, Жайдақбұлақ секілді ауылдар кіреді. Мұнда бес мыңнан астам халық тұрады. Мыңнан аса отбасы бар. Жалаңаш ауылы өз тұсында ауданның орталығы да болды. Бұл оның дамуына, өсіп-өркендеуіне негіз қалады. Бір ғана Жалаңаш ауылында екі орта мектеп, «Көлсай көлдері» атты кәсіптік-техникалық колледж, оқу-өндірістік комбинаты, «Жалаңаш» орманшылығы, …
Ал, екінші бақытым – Тілім менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Кей-кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім, – деп жырлады ұлы ақынымыз Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» атты өлеңінде. Туған анаңның ақ сүтімен бойыңа даритын, жан-жүрегіңе ұялап қалатын туған тілің неткен құдіретке ие десеңізші?! Көзіңді ашқаннан көрген анаң қандай қымбат болса, туған тілің де сондай …
Толағай қуаныш ауыл жастарын өнерге баулып жүрген Кеген балалар өнер мектебі, өз жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді. «Бұлақ көрсең, көзін аш», демекші, түрлі-түрлі өнерге талаптары таудай шәкірттерге дәріс беріп, білімін кеңітіп, болашағына негіз қалағанға не жетсін?! Ашылғанына биыл сегіз жыл толатын өнер мектебінде домбыра, қобыз, дәстүрлі ән, хореография, тігін, тоқыма, ағаш өнері, бейнелеу, сурет және мүсін …
Жақында Қонаев қалалық Мәдениет үйінде, Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет архивтер және құжаттама басқармасы және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастырумен Жетісу күй өнерінің негізін қалаушы, күйші-сазгер Қожеке Назарұлының 200 жылдығына арналған «Тарту» атты республикалық күйшілер байқауы дүбірлеп өтті. Қазақ халқының мәдени мұрасының бірегейі – күй өнері және қазақтың ұлттық аспаптарын бүгінгі жас ұрпақ …