Қазақстанның саяси сахнасындағы әділетті Қазақстанның жаңа кезеңі бүгіннен бастау алды. Жақында өткен сайлаудың нәтижесі бойынша жұртшылықтың басым сеніміне ие болған Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Президент қызметіне кірісіп, салтанатты түрде ант берді. Мемлекет басшысының ұлықтау рәсімінде Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақстандықтардың жағдайын жақсартуға қатысты біраз бастамаларды көтерді. Әділетті мемлекет, әділетті қоғам, әділетті экономика құратынын айтып, елдің ертеңі үшін бар …
Ел тағдырындағы тағы бір тарихи жағдайға куә болдық. Бүгін Қазақстанның жаңа ақ парағы ашылды десек болады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент ретінде ұлықтау рәсімі өтті. Бүгіннен бастап ол ел тізгінін ұстаушы ретінде жаңа қызметіне қайта кірісті. Мемлекет басшысының халық сеніміне ие болып, ұлт тағдырына жауапты болуы бәрімізді қуантады. Қасым-Жомарт Кемелұлының осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары онсыз да …
Қарасай ауданына қарасты Еңбекші ауылының тұрғыны, майдангер Чайке Ыдырысов сайлауға қатысып, таңдауын жасады. 97 жастан асқан Ұлы Отан соғысының ардагері Чайке Ыдырысов Президент сайлауына белсенділік танытып, өз үйінде дауыс берді. Чайке атамыз 1925 жылы 5 мамырда Қаскелең (қазіргі Қарасай) ауданындағы Еңбекші ауылында дүниеге келген. 1943 жылы ІІ Дүниежүзілік соғысқа аттанған. Минск қаласының түбіндегі бір айқаста жараланған. …
Ел Президентін сайлау үшін өз таңдауын жасаған жас қарасайлықтың бірі – Дариға Рахимжанова. Күні кеше 18 жасқа толған нәзік жанды бүгін Қаскелеңдегі «Еркенұр» балабақшасындағы №431 сайлау учаскеге барып, ең алғашқы сайлаушы ретінде тіркеліп, дауыс берді. Өз таңдауын жасаған жастың бірі болғандықтан сыйлыққа да ие болды. Дариға Мұратқызының ойынша, ел тағдырын шешетін бұл сайлауда әрбір азаматтың …
Қазақстандағы ең қарт адам, 111 жастағы Нұржамал Мергенбаева Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылының тұрғыны. Бір ғасырдан асқан әжей сайлауда дауыс берді. Нұржамал Абдықалымқызы 1911 жылы 2 сәуірде дүниеге келген. Әжей соғыс жылдары тылда еңбек еткен. Қаршадайынан жасы шау тартқанша өмірін бейнетпен өткізген әжейдің денсаулығы әлі де тың. Ойы орнықты, есте сақтау қабілеті жақсы. …
Таңғы сағат 9:00-де облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде орналасқан №949 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Бұл учаскеде 1737 адам тіркелген, деп хабарлайды Naqtygazeti.kz 7-su.kz сайтына сілтеме жасап. – Бүгін өз азаматтық борышымды орындау үшін сайлауға келіп, таңдауымды жасадым. Жалпы, биылғы сайлау ерекше өтуде. Мен мықты экономиканы, тұрақты ішкі саясатты, Қазақстанның халықаралық аренада …