Еліміздің ертеңі –білімді де, білгір жастар. Бүгінде қазақ елін өркендетуге үлес қосып келе жатқан жастардың белсенділігі жоғары. Олар еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, сан алуан салада еселі еңбек етіп, жалынды жігерін жақсы істерге жұмсауда. Осындай жастар көптеген қиындықтармен қол жеткізген егемен еліміздің жаңа тарихындағы өзгерістер мен жаңалықтардың куәсі іспеттес. Осы ретте біздің ең ұлық мерекеміз …
Ғасырлар бойы аңсаған тұғырлы Тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл толып отыр. Осы азаттық күн үшін арпалысқан қазақ жастарының күресі – ол Желтоқсан көтерілісі. Сол бір 86-дағы жастар бас көтеруінде көптеген қыз-жігіттер жараланып, азаттық үшін жанын пида еткендер де болды. Осы бейбіт күніміз үшін күрескен сол кездегі қаһармандарымыздың бірқатары қазір ортамызда жүр. Осы аптаның дүйсенбісінде аудан әкімі …
Еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Талдықорған қаласында жақында салтанатты жиын өтті. Бұл бас қосуға Алматы облысына жұмыс сапарымен келген Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев арнайы қатысып, облыстың жаңа әкімімен және Жетісу жұртшылығымен жүздесті. Сенат спикері алқалы жиын барысында Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалып-тасуының негізгі кезеңдеріне және еліміздің 30 жылда қол жеткізген табыстарына …
Тәуелсіздік – қазақ халқының бостандыққа ұмтылған сан ғасырлық асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Елім, жерім деп ұлтарақтай жері үшін небір қазақтың батырлары өз өмірлерін қиып, қанды шайқастарда қаза болды. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз, әрбір адам кеудесін көтеріп, мақтанып айтатын қасиетті ұғым. Біздің кітапханада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай …
Биылғы – еліміз үшін ерекше кезең. Тәу етер Тәуелсіздігімізге – 30 жыл, Желтоқсан оқиғасына – 35 жыл. Осы уақыттың ішінде еліміздің тарихында талай оқиғалар, елеулі өзгерістер болды. Қазақстанның төл валютасы – теңгенің айналымға енуі. Іргедегі алпауыт көршілермен келісе отырып, ұрыс-керіссіз шекараны шегендеу. Алдымен экономика, сосын саясат ұстанымы. Нарықтық экономика құру. Конституция мен рәміздерді қабылдау. Мұның …
Аудандық білім бөлімі мен Абай орта мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен Қаскелең қаласындағы аталған білім ошағының ғимаратында, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Білім алушыларда 4K, Soft skills, Hard skills, EQ дағдыларын қалыптастыру мен жетілдірудегі мектептің рөлі» атты облыстық семинар-практикум өтті. Жиынға «Өрлеу» БАҰО-ның оқытушылары, облыстық білім басқармасының басшылары, облыстық білім берудегі дамыту оқу-әдістемелік орталықтарының әдіскерлері, аудандық білім бөлімінің …
Көңілді көркейтіп көншітетін, көкейде жүрген тілекті тап басқан бұл жаңа Жолдау кеудеде үміт алауын лап еткізіп жаққандай болды. Енді осы айтылған жайттар тезірек жүзеге асса екен деп ынтығасың. Бұған жауапты адамдар кімдер екен деп жүгірткен ойың өзіңе келіп тіреледі екен. Болашағыңды өз қолыңмен жасамасаң, нәтиже көре алмайсың. «Менде тұрған не бар?» деген кертартпа түсінік талайымыздың …
Ермахан Ибраимов, Бахтияр Артаев, Серік Сәпиев, Геннадий Головкин сияқты бокстың белесін бағындырған, талай жасқа үлгі болған азаматтардың ізбасарлары, болашақ чемпиондар біздің Қарасай ауданының да атын шығарып жүр. Солардың біразы бүгінгі таңда Райымбек ауылындағы «Бауыржан» спорт клубында жаттығып, талай жарыстарда топ жаруда. Жас боксшылар түрлі додаларда бақ сынап, ауданның ғана емес, республика бойынша Алматы облысының намысын …
Боз кілемде белдесуді жаны қалайтын еліміздің болашақ чемпиондары жақында республикалық турнирде бақтарын сынады. Тұңғыш Президент күні мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған айтулы шара Қарасай аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бастамасымен қолға алынды. Спорттық бәсеке Шамалған ауылындағы «Үшқоңыр» спорт мектебінде өткізіліп, оған қазақ күресін серік еткен 2006-2007 жылғы жасөспірімдер қатысты. Іс-шараның салтанатты …
Этот год знаменателен двумя важными датами – 30-летием Независимости Республики Казахстан и 30-летием со дня образования органов прокуратуры. Правда, День независимости мы будем отмечать 16 декабря, а День работников прокуратуры – шестого. За 30 лет прокуратура стала одним из центральных институтов правоохранительной системы Казахстана. Выполняя функцию по обеспечению законности и правопорядка, она по праву считается …