Қазіргі таңда Конституция тақырыбының қоғамда кеңінен талқылануы — дұрыс әрі оң үрдіс деп ойлаймын. Себебі Конституция — әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын айқындайтын, мемлекеттің даму бағытын белгілейтін негізгі құқықтық құжат. Сондықтан адамдардың сұрақ қойып, ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін тереңірек түсінуге ұмтылуы — заңды әрі орынды.
Сонымен қатар, білім беру жүйесінің зайырлы сипатының Конституцияда нақты көрсетілуі ғылым мен білімнің еркін әрі тең дамуына берік негіз қалайды. Міндетті білім беру аясын кеңейту, әсіресе бастауыш деңгейдің қамтылуы, барлық балаларға тең мүмкіндік беруге бағытталған маңызды қадам деп есептеймін. Бұл өзгерістер болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына жол ашып, елдің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.
Гүлсім Есеналиева,
Алмалыбақ ауылындағы орта мектептің мұғалімі.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
