Үкіметтік емес үйымдардың «бір терезе» қағидаты бойынша ақпараттық кеңес беру жұмысы өз нәтижесін берді. Осыған қатысты азаматтық орталық өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында бір жыл атқарған жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілілк басылымы Алматы облыстық өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
Аталмыш орталықта осы уақытқа дейін 20 әлеуметтік жоба қорғалып, оларға арнайы гранттар бөлінді. Осы жобалардың аясында Алакөл мен Қаратал ауданында жүн өңдеу цехы жұмысын бастаған болатын. Айта кетейік, бүгінде облыста үкіметтік емес 900 ұйым табысты жұмыс істейді. Өткен жылдан бері олардың саны 200-ге артқан.
Сондай-ақ, бұл консалтинг орталық ашылғалы үшінші жыл қатарынан әлеуметтік идеялармен жоба жәрмеңкесі өткізіліп келеді. Бұл шара облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен ұйымдастырылатын шарада әрбір жеңімпазға 1 миллион теңге көлемінде қаражат беріледі. Олар берілген ақшаны бизнес ашуға жұмсайды. Жоба жеңімпаздары шаштараз, жылыжай, ұлттық құндылықтарды дамыту үшін, қолөнер шеберханаларын ашуда.