12 сәуірден бастап бензин мен дизель отының бағасы қымбаттайтыны әрине қай салаға да оңай түспесі анық. Мен «Тазалық» коммуналдық мекеменің басшысы ретінде барлық көрсететін қызмет түріміз тасылмадау болғандықтан, жанар-жағармайға тәуелдіміз. Жыл басында дизельдің тапшылығы жұмысымыздың біраз бөлігі тұралап қалуына әсер етті. Сондықтан бұл амалсыз шешім деп түсінемін. Өйткені елімізде соңғы рет жанармай бағасы 2021 жылдың күзінде қымбаттады. Содан кейін баға бүгін ғана өсіп отыр. Дегенмен Қазақстанда басқа елдермен салыстырғанда жанармай бағасы екі есе арзан. Тіпті, көрші елдеріміз Қырғызстан мен Өзбекстанда баға жоғары және оларда тапшылық байқалады. Сондықтан біздің еліміз көрші елдерді жанармаймен қамтып отыр дей аламыз. Бізде баға онсыз да арзан. Экспорттың бағасы 300 мың теңге болатын болса, жергілікті нарықта, өкінішке қарай, 90 мың теңгемен сатып жатады. Нарығымыздағы баға үш есе төмен. Демек, жанар-жағармайдың инфляцияға қосатын үлесі өте жоғары. Менің ойымша, тауарлардың аздап өсімі болады – жаһандық емес, бірақ ол жоспарланған инфляция шегінде болады
ҚР Энергетика министрлігі, осы тұрғыда АИ-92 және АИ-93 маркалы бензинге бағаны литріне 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін, дизель отынының бағасы литріне 295 теңгені құрайтынын айтты. Сала өкілдерінің мәліметінше, жанармай бағасының 11% қымбаттағаны көп нәрсеге әсер етпейді. Тіпті, қарапайым халықтың қалтасына да ауыртпалық салмайтындығын айтты. Сондықтан бензин мен дизель отынының тапшылығы болып, жұмысымыз тоқтап қалғаннан, мөлшердегі өсім еліміздегі тұрақтылықты сақтайды деп сенемін.
Болат ТУГАНБАЕВ,
«Тазалык» ЖШС-нің директоры.