1 желтоқсан – Тәуелсіз Қазақстан үшін айрықша күн. Осыдан 27 жыл бұрын отандастарымыз тарихи таңдау жасап, егемен еліміздің Тұңғыш Президенті сайланған болатын. Айтулы датаға орай, 2011 жылы Парламент Сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» болып заңнамаға қол қойылды.
Қазіргі таңда еліміз бойынша бұл күн ерекше аталып, мемлекетіміздің жер-жерінде әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мәселен, кеше аталмыш мереке қарсаңында Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев қаланың өсіп өркендеуіне ақпараттық қолдау білдіру арқылы үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттады. Бұл игі шараға әртүрлі салада еңбек етіп келе жатқан, атап айтқанда, білім, денсаулық, БАҚ журналистері, блогерлер, жолаушылар тасымалдау саласының мамандары, кәсіпорындардың өкілдері және қаланың белсенді тұрғындары қатысты.
Өз тілшіміз.