ҚР жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша өткізіліп жатқан республикалық референдумға актерлер, әншілер, музыканттар мен танымал тұлғалар белсене қатысуда. Мәселен, бүгін Райымбек ауылдық округіндегі №517 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мирас Бекжанов жасады. Танымал әнші бұл елдің және жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін жасалған қадам екенін атап өтті.
– Бүгін қазақ халқы үшін маңызды күн. Референдум – азаматтарға өз пікірін білдіруге және мемлекеттің болашағын айқындайтын шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін маңызды бастама. Жаңа Конституция еліміздің тұрақты дамуына берік негіз болады. Әсіресе, бұл қадам балаларымыздың болашағы жарқын болуы үшін аса маңызды болып табылады. Ел болашағы айқындалатын сәтте шет қалмау – әрбір қазақстандық үшін маңызды, – деді белгілі әнші.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
