Бүгін Бірінші Май ауылдық округіне қарасты Бекболат ауылындағы сайлау учаскесінде дауыс беру процесі нағыз спорттық және мәдени мерекеге ұласты. Мұнда сайлаушылардың азаматтық белсенділігін арттырып, мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.
Сайлау учаскесінің алдында арнайы алаң құрылып, ауыл тұрғындары дауыс беріп болған соң асық ату, бес асық, гір көтеру және тоғызқұмалақтан бақ сынасты. Бұл бастама әсіресе жастар мен еңбек ардагерлері арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Жарыс барысында ауылдың білекті жігіттері гір тасын көтеріп күш сынасса, жастар жағы асық ату мен тоғызқұмалақ тақтасында шеберліктерін көрсетті.
«Бүгінгі күн біз үшін ерекше болып тұр. Сайлауға келіп, өз таңдауымызды жасап қана қоймай, ұмыт болып бара жатқан ұлттық ойындарымызды ойнап, серпіліп қалдық. Асық ату мен гір көтеру сайыстары ауылдың бірлігін бекемдеп, мерекелік атмосфераны жандандыра түсті», — дейді ауыл тұрғыны.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
