Жаңа оқу жылына дайындық қызған тұста елімізде «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы қарқынды жүруде. Акцияның мақсаты – аз қамтылған отбасылар мен жетім балалардың тұрмысы төмен отбасы балаларына жаңа оқу жылының дайындығына әлеуметтік көмек көрсету.
Осы ретте бүгін «AMANAT» партиясы да бұл игі шараға қатысып, аудандық филиал ғимаратында қайырымдылық акциясын өткізді. Республикалық акция аясында Қарасай аудандық мәслихат депутаттары көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетті. Халық қалаулылары мектепке ең қажетті құрал-жабдықтары толтырылған мектеп сөмкелерін табыстап, балалар мен ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады.
Осы аталған акцияға қолдау білдіру бұл – әрбір азаматтың рухани жан-дүниесінің байлығын, жас ұрпаққа деген шынайы сезімі мен ниетінің тазалығын көрсетеді.
Партия мүшелері «Баланы мектепке даярлайық!» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында бүлдіршіндерді мектепке даярлауды жалғастыруда.